«Халықаралық онлайн кездесі»
Дата: 22.11.2022 Рубрика: Патриот
0
232
0
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «2022 жыл – Балалар жылы» деп жариялады. Бұл дегеніміз биылғы жылы жас буынның тәрбиесі мен біліміне баса мән беріледі деген сөз. Сондықтан да білім беру мен тәрбие ошақтары осы бағытта жұмыс істеуді жалғыстыруда. Осы мақсатта биыл Саратов қаласының қазақ диаспорасының ө к і л д е р і м е н к е з д е с у т у р а л ы ш е ш і м қабылданды. Бұған Саратов қаласының А. Пушкин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы бізге көмектесті. Этнокөпір кездесуі «Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназияинтернатының» 9 «А» сынып оқушысы Жаркенов Тамирланның орындауындағы әйгілі «Ерке сылқым» күйімен басталды. Біздің қаланы Қостанай педагогикалық колледжінің студенттері таныстырды. 2022 жылы кездесуге «Құдалық пен үйлену рәсімдері» тақырыбы таңдалған болатын. Қостанай педагогикалық колледжінің студенттері «үйлену тойы» әдетғұрыптары туралы презентация көрсетті. Ал Саратов тұрғындары қазақ халқында «Келін шай» дәстүрі қалай танымал болғанын айтып, көрсетті. Бұл – келіннің үйлену тойынан кейін күйеуінің туыс-туғандарына, көрші-көлемге, үйге келген басқа да қонақтарға берілетін алғашқы құятын шайы. Бұл дәстүр жаңа туыстарымен байланыс орнатудың үлкен мүмкіндігі. Екі жақтың қатысушылары үшін де білімдерімен бөлісу және салыстыру, іс-шараға қатысу қызықты болды. Жалпы айта кетер болсақ, мұндай кездесулер жастар үшін өте қажет. Өйткені, басқа елде тұратын этнос өкілдерімен сөйлесу өте қызықты. Іс-шара соңында «Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» 9 «А» сынып оқушылары Түнғатова Жансая мен Айтымбетова Алия, сонымен қатар Акижанова Алуа «Туған жер» әнін орындады. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай педагогикалық колледжінің қоғамдық пәндер оқытушысы Ералина Айнұр онлайн-кездесуге қатысушыларды дайындағаны үшін және Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының тәрбиешісі Әбішева Нұрг үл үлкен а л ғыс ымыз ды білдіреміз. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп ұлы қаламгер М.Әуезов айтқандай, қай ғасырда, қай қоғамда болмасын ата-ана міндеті – саналы да салиқалы ұрпақ тәрбиелеу. Ендеше ұлт үшін салт-дәстүрлердің ұрпақ тәрбиесінде алатын орны ерекше.
Бибігүл ЛАТЫПОВА, Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ғылыми көпшілік әдебиет бөлімінің қызметкер
Бибігүл ЛАТЫПОВА, Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ғылыми көпшілік әдебиет бөлімінің қызметкер
Комментарии