Мен кітап оқимын
Дата: 17.06.2020 Рубрика: Патриот
0
1148
0
«Стройтельный» кітапхана-филиалында «Кітаппен өз бетінше жұмыс істеу әдістемесі» атты іс-шара болып өтті. Онда кітапханашы кітап және оның шығу тарихы жайлы толық мәлімет берді. Кітап қандай элементтерден тұратыны, кітаптың мұқабасында, кітапты кім жазғаны, тақырыбын, қай қалада, қай баспаханадан жарық көргенін білеміз. Аннатация – кітаптың қысқаша мазмұнын, оқырмандарға түсінік беріп, кітап кейіпкерлері туралы, қандай оқиғалар болатыны жайлы қысқаша түсінектер берілетіні туралы айтты. Ал кітаптың соңғы бетінде мазмұны болатынын білдік. Іс-шара соңында кітапханашы кітапты қалай ұқыпты ұстау қағидаларымен таныстырды. Мен енді кітапханаға жазылып, жазғы демалыс күндерімде, достарым Жалғас, Артеммен кітапханаға барып, ойындар ойнап, кітап, журнал оқуға бел шештім.
Бекзат ЕСЕМЕТОВ, №28 мектеп-гимназиясының 5 сынып оқушысы
Бекзат ЕСЕМЕТОВ, №28 мектеп-гимназиясының 5 сынып оқушысы
Комментарии