Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

«Жасыл ел» жасақтары

Дата: 01.06.2020 Рубрика: Патриот
690
0
«Жасыл ел» жасақтары
«Жасыл ел» – Елбасымыз Н. әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында» Жолдауы негізінде 2005 Ә.Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, жылдан бастап жүзеге асырылып келе жатқан кешенді бағдарлама. Ауданымызда бұл «Жасыл ел» бағдарламасы 2017 жылдан бастап жүзеге асырылған болатын. Сол жылы ауданымызда «Жасыл ел» Жастар еңбек жасағының штабы құрылып, Жастар ресурстық орталығының жанынан бөлімшесі ашылып, өз жұмысын бастап кеткен еді. Аталмыш бағдарлама үш жыл ішінде көптеген жастың Отанға деген сүйіспеншілігін оятып, ауданымызды жасыл желекке айналдыру мақсатында олардың жалын-жігерін, күш-қуатын бір арнаға тоғыстыра алды. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген философияны өскелең ұрпаққа ұғындырып, жазғы де-малыстарын босқа өткіз¬бей, жұмыс істеп, қосымша қаржы табуға молынан мүмкіндік тудырды. «Жасыл ел» бағдарламасының басты бағыты – табиғатты қорғау, экологияны сақтауға ғана емес, жастардың тәрбиесі мен еңбекке баулу. «Бағдарламаның тағы бір тиімді тұсы – жастарды еңбекке тарту. «Жасыл ел» – тек патриоттардың, елін сүйетін азаматтардың орны. Әр адам өз елінің патриоты болуы керек. Осы орайда аянбай еңбек етіп, өз туған жерінің мәртебесін көтеру әр қазақтың, ел болашағы болып саналатын жастардың міндеті. Жалпы, бағдарламаның негiзгi мақсаты – жастардың күшiмен елiмiздi көгалдандыру, елді-мекен айналасын жасыл ағаштармен көмкеру, көркейту, сонымен қатар жастардың Отанға, жерге, табиғатқа деген махаббатын, патриоттық сезiмiн ояту. Ең бастысы, жылына қаншама жастарды осы іске тарта отырып, олардың арасындағы жұмыссыздықты төмендету. «Жасыл ел» бағдарламасы жақсы бастама ретінде бүгінгі күнге дейін өз өзектілігін жоғалтқан емес. Биылғы жылы Аманкелді ауданы орталығында «Жасыл ел» Жастар еңбек жасағы мамыр айының 20-сынан бастап өз жұмыстарын бастап кетті. 16-28 жас аралығындағы жастарымыз бос уақытын тиiмдi өткiзе отырып еліне қызмет етіп жүр. Қоғамға, өз ұлтына пайдасын тигізер кезде аянып қалмайтын жасақшыларымызға алдағы уақытта сәттілік тілейміз!

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!