Ұлт ұстазы
Дата: 15.02.2022 Рубрика: Патриот
0
400
0
Қостанай ауданы, Айсары жалпы білім беретін мектебінде тағылымы терең, мазмұнды да қызықты кештер жиі өтіп тұрады. Жақында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының мұратын жан-жақты тану, зерттеу және зерделеу мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен апталық болып өтті. Апталықтың ашылуы мұғалімдер арасында Ахмет Байтұрсынұлы туралы ғылыми конференциядан басталды. Онда ақынның өмірі және шығармашылығынан біраз мәліметтер берілді. 2-4 сынып оқушылары арасында «Ахмет өлеңдерін көркем жазу» байқауы өтті. 5-сынып оқушылары арасында «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт ұстазы» атты ақын шығармаларын жатқа айту байқауы болды. Байқауда өлеңдер мен мысалдарын тебірене керемет нақышына келтіріп жатқа айтты. Барлық оқушылар белсенді қатысты.
Түрлі тақырыптағы ашық сабақтар жоғары дәрежеде өтті. Сабақ оқушылардың ізденушілік, шығармашылық қабілеттерін дамытып, жанжақты дайындықтарын байқатты. 5-6-сынып оқушыларының арасында «Көңілді тапқырлар» танымдық ойын сайысы қызықты әрі көңілді болды. Мектеп оқушыларына Ахмет туралы «Ахмет – ұлт ұстазы» атты деректі фильм көрсетілді. Оқушылар кинодан алған әсерлерімен бөлісті. 7-11-сынып оқушыларының арасында «Қазақ үшін қасиетті есім» А. Байтұрсынұлына арналған эссе байқауында өз ойын керемет жеткізген оқушылар көп. «Суретші көзімен...» А.Байтұрсынұлының өлеңдерін суреттесе, «Ахмет Байтұрсынов – тіл білімі мен әдебиеттанудың реформаторы» атты 8-11-сыныптар арасында ғылыми конференция кең көлемде өте тартымды болды. Мектебіміздің кітапхана меңгерушісі Мейрамкүл Көшек үнемі кітаптар арқылы насихат жүргізіп, ақын-жазушылар, мереке, атаулы күндер жайында кітаптар көрмесін ұйымдастырып, тәрбие жұмыстарын жиі өткізіп тұрады. Оқушылардың еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін, отаншылдығын, адамгершілігін, халқымыздың қилы тарихын, әдетғұрпын, салт-дәстүрін, мәдени мұраларын түсіне білуіне басты назар аударады. А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай тақырыптық сөре ұйымдастырып, оқушыларға ақын жайлы мағлұмат берді. Апталыққа жақсы атсалысқан оқушыларға сыйлықтар мен мақтау қағаздары табысталды. Апталықты ұйымдастырған тіл мамандары мен оқушыларға мектеп директоры Қабылан Рағат мен мектеп әкімшілігі алғыс білдірді.
Дариға БЕРСҮГІРОВА, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қостанай ауданы

Комментарии