Елім дейтін жастар барда...
Дата: 01.02.2022 Рубрика: Патриот
0
305
0
Қазіргі жастар неге құмар? Не істегенді жақсы көреді? Нелерге еліктейді? – деген сұрақтардың жауабын бермекпін. Күнделікті өмір ағымында мені ойландыратын, жауабы жоқ сұрақтар да жетерлік. Оған кім жауап береді? «Заманға қарай талабы дегендей», қазіргі заман гаджеттер заманы десем артық емес. Бүгінгі жас ұрпақтың уақыты гаджеттерге телмірумен өтіп жатқаны өкінішті. Соның кесірінен жастарымыз бір - бірімен ауыз-екі тілде сөйлесуден қалды. Олар көбінесе whatsApp, Instagram арқылы с өйлескендік тен жас тар арасында ұйымшылдық жойылып барады. Тағы да тілге тиек етер мәселе, тәуелсіздік алғанымызға 30 жыл толса да, қазақтың қазақ боларына үлкен күмән бар. Себебі, жастарымыз бір бірімен орыс тілінде тілдес еді. Түс ін б ейтінім, қ аз ақ ша біліп тұрса да, орысша тілдескенді жөн санап, мәртебе көреді. Неге? «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» – деп жырлаған дана сөз қайда қалды? Осыдан кейін қазақ боламыз деп қалай айта аламыз? Қазіргінің жастары, өздерінше сәнді киім киіп жүруге құмар. Әсіресе, елімізде 91 тобы танылғаннан бері корейлік стильде киінетін жастардың қатары көбейе түсуде. Сондай-ақ, олар корей сериалдардағы стильдердің Қазақстанда жоқ екендігіне наразы. Мектептегі кейбір балалардың киім үлгілеріне қарап, сыртқы болмыстарына қарап, ұл ма, әлде қыз ба айыру қиын болып бара жатыр. Шашта рын көздеріне түсіріп, далақтаған қара киімдер киіп, түсініксіз әшекейлер тағады. - Жастар осындай бағытта алға жылжи берсе, қазағымыздың менталитетінің ізі де қалмайды-ау. Еліктеуге жақын халық екеніміздің айғағын күнделікті өмірде өз көзіммен көріп жүрмін. Менің ойымша бұл да бір үлкен мәселе. Сонымен қатар, қазақша тәрбиелік мәні бар әндерімізді тыңдайтын жастар жоқтың қасы. Мәселен, Скриптонит, t-fest, miyagi & endshpiel, Mot, Jah khalib, Jony, Instasamka секілді танымал жұлдыздардың әуендерін тыңдауға құмар екендіктері жасырын емес. Бұның да себебі неде екен? «Шындықтың шырағы сөнбейді» – деп қорытындылайтын болсам, жастары мыз осындай бағытта алдыға жылжи берсе, болашағымыз не болмақ? Кезінде - Мағжан Жұмабаев атамыз «Мен жастарға сенемін» деп кім үшін айтып кетті?! Келешекте Қазақстанның туын асқақтататын жастар емес пе, ендеше, жастар.
Сая НАЖЕНОВА, Н.Наушабаев атындағы мектеп гимназиясының 8»А» сынып оқушысы
Сая НАЖЕНОВА, Н.Наушабаев атындағы мектеп гимназиясының 8»А» сынып оқушысы
Комментарии