Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Мектеп театры – рухани ошақ

Дата: 09.11.2021 Рубрика: Патриот
551
0
Мектеп театры – рухани ошақ
Сырбай Мәуленов атындағы гимназиясында «Қаракөз» театры бар. Биылғы жылы театр шымылдығын ұлы ағартушы педагог, білімін қараңғы елге шырақ еткен ұстаз, дала қоңырауы Ы.Алтынсариннің «Жәнібек батыр» шығармасымен ашты. Ұлы батыр бабамыз Шақшақ Жәнібек батырдың ерлік істерін насихаттау мақсатында барлық шығармалар ішінен осы шығарманы оқушылар өздері таңдап алған. Олар осы қойылымдарын Қостанай облыстық өлкетану мұражайында сахналады. Сахналық қойылымға қатысқан 8 «б» сынып оқушылары сахнаға бірінші рет шықса да өздерін жан жақты көрсете білді. – Оқушылар театр үйірмесіне үлкен қызығушылықпен қатысады. Олардың әрқайсысы өз рөлдерін сомдауға аса бір ыждаһаттылықпен кірісті, жауапкершілікті сезіне білді. Театр жұмысының жандануына сынып жетекшісі Ұлдықыз Ермағамбетованың да қосқан үлесі зор. Балалармен сөйлесіп, оларды осы жұмысқа бағыттай білді, өз тарапымнан ол кісіге мың да бір алғысымды білдіремін. Театр адам бойында рухани байлық қалыптастыратын мәдени ошақ. Ендеше осы ошақ отын үзбей, жас ұрпақ бойында елжандылық, адамгершілік, қанағатшылдық сияқты қасиеттерді қалыптастыруға қоғам болып атсалысайық, ағайын, – дейді жетекшісі Бизада Мұқашева.

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!