Биші болсам бұралған
Дата: 29.06.2021 Рубрика: Патриот
0
403
0
Менің жасым 5-те. Әкемнің ерке қызымын. Анамның қолғанатымын. Үйде анама көмектесіп, үй жинасамын. Күндіз балабақшада достарыммен ұстаздарыммен көңілді уақыт өткіземін. Балабақшада апай ларымыз бізді көп нәрселерге үйретеді. Билейміз, ән айтамыз, спорттық ойындар ойнаймыз. Менің армандарым өте көп. Соның бірі биші болу. Үйде бос болған кезімде әдемі әуен қосып, билегенді жақсы көремін. Б.Хамзин атындағы өнер мектебінің ұстазы Жанат апай сияқты шәкірттер дайындайтын бо ламын. Анам сияқты өнер жолын ұстанамын.
Еркеназ БАҚЫТКЕРЕЙҚЫЗЫ
Еркеназ БАҚЫТКЕРЕЙҚЫЗЫ
Комментарии