Жас дарындар
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы шеңберінде Балалар шығармашылық үйінің тәрбиеленушілері арасында «Жас дарын» атты балалар шығармашылығының сәндік-қолданбалы облыстық сырттай көрме-байқауының аудандық кезеңі өтті. Мақсаты балалардың бойында патриоттық сезімді, ұлттық мәдениетті, халық дәстүрлерін, елімізде тұратын халықтардың салт-дәстүрлерін құрметтеу, сонымен қатар адамгершілік пен мәдени құндылықтар, білім алушылардың көркемдік, шығармашылық қабілеттерін, жүйелі және мақсатты түрде дамыту.
Аудандық кезеңге тәрбиенушілердің 40 шығармашылық жұмысы 7 номинация бойынша жүлделі орындарға ие болды: тоқыма бұйымдарын дайындау, ағашты, сүйекті, теріні өңдеу, шыныны көркемдеп өңдеу, металды өңдеу, ұлттық ою-өрнек элементтерімен халық киімінің үлгісін жасау, қағаздан бұйымдар жасау. Балалар шығармашылық үйінің тәрбиеленушілері облыстық турға қатысады. Оларға сәттілік ілейміз.
Комментарии