Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Қайта тумас әлемдей

Дата: 20.04.2021 Рубрика: Патриот
388
0
Қайта тумас әлемдей

Абайдың өзі де ерекше, сөзі де ерекше. Ақынның өзіндік ерекшелігі, оның адами қасиеттерінде. Бұл қасиеттер: адамгершілік, даналық, жақсылық, мейірімділік пен сабырлылық. Осы қасиеттер қазіргі кезде екінін бірінде жоқ деп санаймын. Себебі, қазіргі жастар өздерінің ой – саналарының түпкі мәнін білмейді. Сондай-ақ, олар өз ой-саналарын дұрыс толық меңгермегендіктерінен өздерінің қолдарынын көптеген мүмкүндіктерді босқа жіберіп отыр деп ойлаймын. Шыны керек, қазіргі заманда кейбір жастар, өздерінің бойларындағы қасиеттерге сенбейді. Бұл сенбеушілік, адамның санасы мен ойынан тарайды. Кейде сенімсіздік қасиеті адамның қоршаған ортасы мен тәрбиесінен де пайда болуы мүмкін. Бұл мәселенін шешімі ретінде, мен ғұлама Абай атамыздың шығармашылығына мән бергендерінізді қалаймын. Себебі, еліміздің рухани жаңғыруының негізгі көзі бұл Абай атамыздың шығармашылығы.

Абай өзінің шығармашылығында көптеген қасиеттер жайлы нақты әрі түп тамырына дейін толық баяндайды. Ақынның шығармашылығының мақсаты, еліміздің ұрпағы мен болашақ ұрпаққа деген тәрбиелік қасиеттерді дәріптеу. Баршаға мәлім қарасөздерінің, өлең шумақтарының, өлеңдерінің, жалынды жырларының мағынасы соншалықты терең болуы, шынымен де ақынның данышпандылығы мен ұлылығын дәлелдейді. Абай атамыздың қандай да бір өлең шумағын алсақ та, онын ішіндегі астарлы сөздері мен ақиқаттылығы өте терең. Нақыл сөздерін ақынның әрбір туындысында байқауға болады. Бұл ерекшелік ақынды одан да дана қылады. Ақынның осындай ойшыл болуы мына өзіне байланысты. Өзінің сансыз ойларын мына ақ параққа жазып оны толықтай тәрбиелік мәтінде міңсіз жеткізе білді. Осындай қиындыққа қарамастан, Абай атамыз өз ойын жеткізе білді. Әрине ақын балалық шағынан бастап әдеби шығармаларға құмар болып өсті. Жастайынан шығармашылыққа жақын болды. Көп уақытын кітап оқумен, жазу үйренумен, кішкентай кезінен хат танумен өскен. Бұл көп уақытты және еңбекті талап етсе де, өз ісінің шеберіне қиындыққа түспейді. Сонымен қатар, қазақ әдебиетінің атасы Абай атамыз - қайта тумас бір әлемдей.
 

Айдана Садуақасова

Мемлекеттік тілде оқытатын

Заречный орта мектебінің

11 сынып оқушысы

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!