Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Кітап – сарқылмас қазына

Дата: 13.04.2021 Рубрика: Патриот
379
0
Кітап – сарқылмас қазына

Елімізді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдермен терезесін тең ететін күш – білім мен білімді ұрпақ. Білімді ұрпақ – егеменді елдің берік тірегі. Оқушының ойын байытып, сауатын молайтып, білім нәрімен сусындататын – кітап. Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындырып, кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы оқушыларға үнемі түсінік беріліп отырады.

Әлемге әйгілі балалар және ересектерге арналған ертегілер авторы, дат жазушысы Ханс Кристиан Андерсен 1805 жылдың 2 сәуірінде Фюн аралығындағы Оденсе қаласында дүниеге келген. Халықаралық балаларға арналған кітап күні 1956 жылдан бастап Балалар кітабы халықаралық кеңесінің шешімімен 1967 жылдан бастап балалардың сүйікті ертегішісі Х. К. Андерсеннің туған күні, яғни 2 сәуір халықаралық балалар кітабы күні деп бекітілген. Мұның басты мақсаты – әлем балаларын әдебиетке жақын болуға шақыру, кітап оқуға үндеу, адам өмірінде кітаптың алар орны ерекше екенін түсіндіру, «Кітап – сарқылмас қазына» екенін жеткізу. Андерсен ертегілері тек балаларға арналмаған. Андерсеннің біраз кітаптары қазақ тілінде де жарық көрген.

Қостанай ауданы, Айсары жалпы білім беретін мектебінде тағылымы терең, мазмұнды да қызықты кештер жиі өтіп тұрады. Жақында Халықаралық балалар кітабы күніне орай «Х. К. Андерсеннің шығармалары бойынша» атты мерекелік іс-шарасы, зияткерлік ойыны жоғары дәрежеде өтті. Іс-шараның мақсаты – қоғамның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Өскелең ұрпақтың зияткерлік-рухани дамуы, оқушыларға адамгершілік, патриоттық тәрбие беру. Іс-шараға 6 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар екі топқа бөлініп, сұрақтарға жауап бере отырып әр топ өз ұпайын жинады.

Биыл Тәуелсіздігімізге 30 жыл. Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Бұл – ең бірінші қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Тәуелсіздік күші – ең қадірлі күш. Оқушылар өздері оқыған кітаптарынан Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына байланысты сұрақтармен жалғастырды. Жақсы көзге түсіп өздерінің тапқырлықтарын таныта білген оқушылар мектептің мерекеге арнайы жасалған мақтау қағаздарымен марапатталды. Ауылдық кітапханамен бірлесе отырып дайындаған аудандық «Сөз құдіреті» байқауының жеңімпаздары Сәт Аягөз, Мағзұмхан Мадина, Шагатаева Даянаға мақтау қағаздары және арнайы сыйлықтар табыс етілді. Білімнің жолына түсулерімізге кітаптың рөлі зор екенін әрдайым жадымызда ұстайық!
 

Көшек Мейрамкүл Базарқызы

Кітапхана меңгерушісі

Айсары жалпы білім беретін мектебі

Қостанай ауданы

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!