Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Кітап оқы, ерінбе

Дата: 06.04.2021 Рубрика: Патриот
717
0
Кітап оқы, ерінбе

Әрбір ата-ана өз перзентіне ең жақсыны қалайды. Бала өмірде жетістікке қол жеткізу үшін сауатты, білімді болып өсуі шарт, яғни ақпаратқа толы мына әлемде өз-өзіне сенімді болуы қажет, өзін еркін сезінуі керек. Алайда баланың кітап оқуға құмарлығын, үнемі ізденісте болуын, жаңа білім алуға талпынуы мен дұрыс ақпаратты таңдауын, қоғамда баланың теріс ағымның ықпалына түсіп қалмауын, жеке ойының болуы мен дұрыс құндылықтар жүйесінің болуын қалай қалыптастыра аламыз?

Бұл сұрақтардың бір ғана жауабы бар: баланы кітап оқуға көбірек баулу және ең бастысы балаларға кітапты сүюге көмектесу керек.

Ата-аналарға кеңес. Кітапты қалай оқу керек?

Мамандар балаға 3 айлық кезінен кітап оқи бастауға кеңес береді.

• 1 жасқа дейінгі сәбиге кітап оқу кезінде оны алдыңызға алғаныңыз жөн. Дамуға арналған кітап-ойыншықтың беттерін бірге ауыстырып, әрбір беттегі суреттерге жеке тоқталғаныңыз дұрыс.

• Уақыт өте келе беттері қалың кітаптарды интерактивті кітаптарғаауыстыруға болады.

• Суреттері бар кітапты оқу кезінде суретті нұсқап, атын айтыңыз, сол кезде бала сөз бен суреттің бір екенін түсініп, екеуін байланыстырады. Сондай-ақ, баланың сөздік қорын кеңейтуге септігін тигізеді.

• Кітап оқу барысында басты кейіпкерге тән мінез-құлық пен дауыстарды сомдауға ұялмаңыз. Қасқыр болса-қасқырша ұлып, ит болса-үріп, қыңсылуға болады.

• Кітап оқуға отырған кезде баланың көңілін бөлетін басқа заттарды (ұялы телефон, теледидар т.б. ) алып тастаңыз.

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!