Ұтазым менің, ұстазым
Дата: 17.10.2023 Рубрика: От всей души
0
242
0
Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Жылда жаңа оқу жылымен қатарлас келетін Ұстаздар күні де күздің үлесіне тиіпті. Осыған орай, Науырзым аудандық балалалар кітапханасында «Ұстаздар күні кітапханада» атты кездесу кеші ұйымдастырылды.
Шара басында кітапханашылар атаулы мерекенің адамзат тарихында орны бөлек екендігін атап өтіп, ұстазға деген құрмет, ізеттің әрдайым ерекше екендігін атап өтті. Шараның құрметті қонақтары ретінде ұстаздық саласының ардагерлері: Әбенова Роза Мінайдарқызы, Есімтаева Жұлдызай Ғабдолловна, Денисова Татьяна Алексеевна, Тимошенко Юрий Алексеевич, Оразова Ляззат Қайырғалиевна, Сейтенова Гүлшат Жұмабаевна, Оразбаева Гүлзейнеп Оспанқызы, Хамзина Рыскелді Мұхтарқызы шақырылды.
Кеш бағдарламасына сәйкес «Жасырылған көздер» логикалық байқауы, қатысушылардың бір-біріне деген асыл лебіздерінен құралған «Тілектер гүлшоғы» айдары, сондай-ақ, меймандардың студенттік қызыққа толы шақтары мен елеулі сәттерін, алғашқы еңбек жолдары жайлы, білім саласындағы жеткен жетістіктерін баян еткен «Сұрақ-жауап» сұхбатынан тұрды.
Отырыстың мақсаты «Ұстаздар күні» мерекесін мерекелеу және ұстаз мәртебесін арттыру. Ұстаздар арасындағы сыйластықты насихаттау арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
Әйгерім Аралбаева,
Комментарии