Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

"Қарттарым-асыл қазынам"

Дата: 10.10.2023 Рубрика: От всей души
139
0
"Қарттарым-асыл қазынам"
Осындай тақырыпта «Әлихан Бөкейхан атындағы ЖББ мектебінде үлкен іс-шара өтті. Мектеп оқушылырының қатысуымен және мектеп ұстаздарының театралды қойылым көрініс тапты.
            Қашанда үлкенді сыйлау, қарияны құрметтеу дәстүрі қазақ халқының ата салты екені белгілі. Мектебімізде қарттар күніне орай ұйымдастырылған мерекелік концертке кентіміздің ардақты ақсақалдары, аяулы әжелері қонақта болды.
            Мектеп директоры Ембергенова Жанар ата-әжелерімізді мерекемен  құттықтап сөз сөйледі. Тәп-тәтті бүлдіршіндеріміз тақпақ айтып, әсем әнмен мың бұрала билеген бишілеріміз би биледі, мектеп ұстаздарының "Қарттар-үйі" атты  театралды қойылым қойды. Бастауыш сынып мұғалімі Бержанова Жұмагүл  өзі шығарған "Аман-сау болшы, қарттарым!" атты өлең шумақтарын оқыды. 1-11 сынып оқушыларымен сынып жетекшілері  қарт аталарымыз бен әжелерімізді құттықтап, жақсы тілектерін білдіріп қуанышқа бөлеп келді.
            Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Жүсіпова  Камила  жылы лебіздерін білдіріп, құттықтап, жүргізуші тізгінін ұстады. Қарттарымыз да оқушыларға шынайы ризашылықтарын білдіріп өмірде үлкен табыс тілеп, еліміздің мәртебесі биіктеп, еліміздің, келер ұрпақтың, береке – бірлігі арта беруін тілеп Досжанов Жами атамыз батасын берді.
Ұлбосын Сәбденбекова
 Әлихан Бөкейхан атындағы ЖББМ
бастауыш мұғалімі.

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!