Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Қарттарға құрмет

Дата: 10.10.2023 Рубрика: От всей души
104
0
Қарттарға құрмет
            Үрпек ауылында ауыл қарияларын құрметтеу мақсатында «Қарттарын қадірлеген елміз» атты мерекелік іс шара болып өтті.
            Көп жасап, көпті көрген көнекөз қарияларымызды, зейнеткерлерді ауыл әкімі Жақыбаев Ғалымжан Тұрлығұлұлы және ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Үмбетұлы мерекемен құттықтап, ауылдың тыныс тіршілігі жайында баяндама жасады.
            Кейінгі жас ұрпаққа үлгі болып, кітапханадан үнемі кітап алып оқитын ауыл қариялары, зейнеткерлер Ташкеев Жаңбырбай ата, Ермағанбетов Мәлікзада, Құрман Шаяхмет, Ізтілеуов Сәбит ағайлар кітапхананың тұрақты оқырмандары. Ауыл кітапханашысы ауыл қариялары жайында фото-көрме жасады.
            Жаңа ауыл орта мектебінің оқушыларының мерекелік концерті, Байкенов Жангелді жетекшілігімен дайындалған қарияларға арнаған әндер көпшілік көңілінен шықты. Қарттарға арналған іс шараның өтуіне мектеп ұжымы, клуб, ауыл әкімшілігі белсене ат салысты. Мерекелік іс шараны Сағынғали Бақдәулет пен Байдүйсенбайқызы Ақбаян жүргізді. Балахмет Жасұлан орындаған «Әке туралы ән», Ахметбек Жібек орындаған «Қара шаңырақ» әніне ауыл қариялары риза болды. Көп жыл басшылық қызметте болған ауылымыздың құрметті анасы Несібелді Бірәліқызы өз алғысын білдіріп, рахметін айтты.
Қарттарымыздың әрбір айтқан сөздері жас ұрпақтың өсіп-өркендеуіне мол үлесін тигізеді.

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!