Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Жиенқұрық деген не?

Дата: 22.08.2023 Рубрика: От всей души
658
0
Жиенқұрық деген не?
Халқымыздың ұрпақтан-ұрпақтан жалғасып келе жатқан ғажайып салтының бірі – жиенқұрық. Қазақ қыздан туған баланы жиен дейді.
Қыз баланы жат жұрттық деп есептегенмен, жиен жат болмасын деп, үнемі үйіне қонаққа шақырып, оны төбесіне хан көтеріп құрметтеген. Ата дәстүрімізде жиен нағашыларынан қалаған затын, яғни жиенқұрық алуға тиіс. Ертеректе жиен ес біліп, етек жапқаннан оны нағашылары қамқорлығына алып, нағашы атасы оған үйірлі жылқы ішінен бір тай атайтын болған. Оны бәсіре тай немесе «жиенқұрық» дейді. Нағашысы жиеннің бетін қайтармай үш рет беруге міндетті. Халқымыз жиенді ренжітпей «Жиен назасы жаман» деп еркелеткен. «Жиенді ұрғанның қолы қалтырайды» деген де сөз бар. Балалар, сендер нағашыларыңнан жиенқұрық сұрап көрдіңдер ме?  

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!