Болашаққа бағыт
Дата: 07.04.2026 Рубрика: Новости
0
8
0

Қостанай политехникалық жоғары колледжі базасында «Балаларымыздың болашағын бірге құрамыз» тақырыбында ата-аналар форумы өтті. Аталған іс-шара колледждің 55 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылып, кәсіптік бағдар беру бағытындағы маңызды кездесулердің біріне айналды.
Форумның ашылуында колледж директоры К.Каткенов құттықтау сөз сөйлеп, қазіргі таңда дұрыс мамандық таңдаудың маңызына ерекше тоқталды. Ол жас ұрпақтың болашағы сапалы білім мен саналы таңдауға тікелей байланысты екенін атап өтті.
Іс-шара барысында ата-аналарға арналған түрлі мамандықтар бойынша шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Қатысушылар тек бақылаушы болып қана қоймай, әр салада өздерін сынап көрді. Бұл олардың балалары игеретін мамандықтардың қыр-сырын тереңірек түсінуіне мүмкіндік берді.
Форумның тағы бір қызықты бөлігі – интерактивті викторина болды. Ата-аналар өз білімдерін сынап, белсенділік танытып, арнайы сыйлықтарға ие болды. Ал ашық микрофон алаңы еркін пікір алмасуға жағдай жасап, қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, көкейдегі сұрақтарына жауап алды.
Осындай мазмұнды кездесулер ата-аналарға балалардың болашағына бейжай қарамай, саналы шешім қабылдауға жол ашады. Кәсіптік бағдар беру жұмыстарының маңызы артып отырған бүгінгі таңда мұндай бастамалар өскелең ұрпақтың дұрыс бағыт таңдауына үлкен ықпал ететіні сөзсіз.

Комментарии