Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Алтын ғасыр әдебиетінің маржаны

Дата: 06.10.2026 Рубрика: Наследие предков
7
0
 Алтын ғасыр әдебиетінің маржаны
 Науырзым аудандық балалар кітапханасында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, талантты жазушы Сайын Мұратбековтің туғанына 90 жыл толуына орай «Сайын Мұратбековтің прозасы – алтын ғасыр әдебиетінің маржаны» атты оқырмандар конференциясы ұйымдастырылды.
Тағылымды шараға Жамбыл жалпы білім беретін мектебінің 11-сынып оқушылары қатысып, қаламгердің өмірі мен шығармашылық жолы туралы баяндамалар жасады. Оқушылар жазушының қазақ прозасына қосқан үлесіне тоқталып, оның шығармаларының тақырыптық және көркемдік ерекшеліктері жөнінде өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Конференция барысында Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі», «Жабайы алма», «Көкорай», «Қылау», «Басында Үшқараның» сияқты көркем шығармалары кеңінен сөз болды. Оқушылар өздері оқыған туындылардан алған әсерлерімен бөлісіп, жазушы шығармаларындағы балалық шақ, туған жер, адамгершілік, мейірімділік, сағыныш пен өмір шындығы тақырыптарына тоқталды.
Қаламгер шығармашылығының басты ерекшелігі – қарапайым адам өмірін, ауыл тіршілігін, адам бойындағы ізгі қасиеттерді шынайы әрі әсерлі суреттей білуі екені атап өтілді. Жазушының кейіпкерлері арқылы оқырманды жақсылыққа, мейірімділікке, адалдыққа және адамды бағалай білуге үндейтін тәрбиелік мәні зор ойлар талқыланды.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларды Сайын Мұратбековтің өмірі мен шығармашылық мұрасымен кеңінен таныстыру, жазушы прозасының көркемдік ерекшелігін таныту, шығармаларын оқуға қызығушылықтарын арттыру, қазақ әдебиетінің құнды мұраларын дәріптеу және жас оқырмандарды өздігінен кітап оқуға ынталандыру.
Кездесу барысында оқушылар өзара пікір алмасып, жазушы шығармаларындағы кейіпкерлердің іс-әрекетіне талдау жасады. Әсіресе шығармалардағы адамгершілік құндылықтар мен өмір шындығы туралы ойларын ортаға салып, әдеби туындыларды оқудың тұлғалық дамуға тигізер пайдасын атап өтті.
Шара соңында кітапхана қызметкерлері оқушыларды қазақ әдебиетінің көрнекті шығармаларын оқуға шақырып, Сайын Мұратбековтің өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесімен таныстырды. Оқырмандар конференциясы жас ұрпақтың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, ұлттық әдеби мұраны бағалауға, кітап оқуға және көркем шығармадан тағылым алуға бағытталған мазмұнды шара болды.

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!