Оюларда не сыр бар?
Дата: 11.09.2023 Рубрика: Наследие предков
0
200
0
Қазақ халқының қолөнер бұйымдары өте әдемі. Оған салынатын оюлардың да айтары бар. Шебердің қолынан шыққан көз жауын алатын ою-өрнектерді көріп, оның мағынасы туралы ойға қалмау мүмкін емес. Қазақ халқының қолөнерінде өзіндік ерекшелік, қайталанбас мағына бар. Себебі, қай ою-өрнекті алып қарасаңыз да оның мыңдаған жылдық тарихы бар екенін түсіну қиын емес. Дана халқымыз осы ою-өрнектер арқылы табиғаттың тылсым құпиясынан сыр шерткен. Менің де әжем ою ойып, неше түрлі заттар тігеді. Оның тіккен көрпелері өте әдемі. Әжемнен ою туралы сұрап, өзі де интернеттен оқыған едім. Сіздерге де айта кетейін.
Ежелгі заман дәуірінде дүниеге келген ою-өрнектердің ең көнесі ретінде ру немесе тайпа таңбасын қарастыруға болады. Таңба әрбір рудың, әулеттің белгісі ретінде ұрпақтан-ұрпаққа берілген. Қазақ халқымыз ру таңбасын малына пайдаланған. Таңба салу, ен салу арқылы өз руына тиесілі мал екенін білдірген. Мұндай дәстүр халқымыздың көшпенді салтына сәйкес қолданылған. Мыңдаған бас малдың кең далада еркін жайылып жүруіне, бір-бірінен ажыратуына осы таңба себеп болған, яғни сол арқылы малдың егесін білген.
Сонымен қатар, түрлі қазба жұмыстары кезінде табылған түрлі тұрмыстық құралдар, дөңгелек, төртбұрыш, үшбұрыш тәрізді, жануарлар мен құстың белгісі бар заттар олардың таңба үшін қолданылғанын айғақтайды. Әсіресе, үшбұрыштың көптеп кездесуі оның мағынасының мәнділігінде жатса керек. Яғни, үшбұрыш табиғаттың үш дүлейі саналатын су, жер және ауаны тұспалдаған.
Айсана Асқар,
оқушы.

Комментарии