Ауылдағы тәлімбақ
Дата: 19.12.2023 Рубрика: Моё будущее
0
135
0
Қарабалық ауданының Бозкөл мектебінің шағын тәлімбағында 3 мыңнан аса көшет өсіп келеді. Мұнда біздің аймақта сирек кездесетін дәрілік және балды өсімдіктер отырғызылған. Ересектің өзі сыртқы түрі бойынша бұталы тұшақурайды, леспедецияны, ақ және уссурийлік қарағанын, казак аршасын, барбарис пен сахалин бамбугын анықтай алмайды. Ал мектеп тәлімбағында волонтер болып жүрген 40-тан аса ұл мен қыз оларды анықтай алады!
Бұл істе оларға Қарабалық ауданының орманшылық өкілдері, «Neсo» экология клубы мен «Бал-Ара» республикалық Қазақстан омарташылар одағының өкілдері қолдау білдіреді. Ал «Жасыл мектеп» эко-конкурсында мектепке мектеп ауласын үздік абаттандырғаны үшін 650 мың теңге көлемінде сертификат берілді.
Мектеп директоры Юрий Васильевич Алфутов мұнымен тоқтауға болмайтынын айтады: «Білім – бұл тек сабақтар ғана емес, адам бұл табиғаттың бір бөлігі, өмірдің сабақтарын ұғыну. Келешекте тәлімбағымызда көшеттер санын 7 мыңға дейін арттырып, мектеп дендрарийін құруды жоспарлап отырмыз».
Балалар өсімдіктердің жаңа түрлерін отырғызуға дайындалып жатыр. Көктемде тәлімбақта тұт, емен, талшын, шомырт, шырғанақ, көк шырша, долана, ақ және виргин мойылы болады.
Жоғары сынып оқушылары сөзбен емес, туған өлкенің экологиялық проблемаларын іспен шешуді жөн көреді, өздерінің болашақ өмір жолын, болашақ кәсібін анықтайды. Тоғызыншы сынып оқушысы Балауса Ахметова: «Біздің тәлімбақ, біздің мектеп бізге теориялық білім беріп қана қоймай, сонымен бірге болашақта керек болатын практикалық тәжірибе беріп жатыр. Алған білімнің арқасында осы әлемді жақсы жаққа өзгертуге болады» деп кәміл сенеді.
Балалар мен олардың ұстаздарында тәлімбақтың жанынан омарта мен Омарташылық мектебін ұйымдастыру жоспары бар. Бәрі ойдағыдай болатынына сенеміз!

Комментарии