Болашақта кім боламын?
Біздің өмірде түрлі мамандық иелері бар. Мамандық – адамның өмір жолы десе де болады. Оны өздері таңдап, сол жолда еңбек етіп, қоғамға үлесін қосады. Демек, мамандық таңдауда көп ойланып, адаспаған жөн. Кейін өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдаған дұрыс. Бұл өте жауапты және маңызды қадам. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қолынан келетін ісіне қарай бейімделсе жақсы.
Мамандық таңдау саналы қадам, оған барлық уақыт пен күш жұмсалады. Әр адам үшін мамандық таңдау қиын және жауапты қадам болып табылады. Бүгінгі таңда мамандықтың сан түрі бар, дәрігер, мұғалім, экономист, дизайнер дейсіз бе, толып жатыр. Менің атам мен әжем мұғалім болған кісілер. Өз ісінің майталмандары. Қазір атам зейнеткер. Бірақ қолынан қаламын тастаған емес. Үнемі газетке жақсы дүниелер жазып отырады. Мен болашақта кім боламын деп көп ойланамын. Әр саланы ойлап көремін. Мүмкін, дәрігер, мүмкін тіптен басқа саланы көрермін. Бірақ ол үшін әлі де көп оқып, білімімді жетілдіруім керек. Сабақты жақсы оқу өте маңызды. Мен барынша мұғалімдердің берген тапсырмасын жақсы орындауға тырысамын. Болашақта жақсы маман иесі болатыныма сенімдімін.
Бекасыл Көкенаки,
5 сынып оқушысы.
Әулиекөл ауданы
Комментарии