Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Ортеке қуыршағын жасауды үйрендім

Дата: 04.11.2025 Рубрика: Круто!
116
0
Ортеке қуыршағын жасауды үйрендім
Қазақтың ұлттық қуыршақ өнеріндегі «Ортеке» билету өнері ХІХ ғасырдың басында қазақ даласында кеңінен таралған.Кейбір заманауи зерттеушілер Г.Омарова, Б.Әбішева және басқаларыОртеке аңшылық сиқырына табынудан бастау алады деп санайды.
Ал, белгілі ғалым Ахмет Жұбанов«Ортеке ‒ қазақ қуыршақ өнерінің бастауы», – деп баға берген.
«Қуыршақ ортеке» – ағаштан жасалған ұлттық ойыншық.Мұнда сәндік-­қолданбалы өнер, музыка, би және қуыршақ жүргізу өнері біріктірлген.Күйші аспапта ойнай бастағанда, перне басқан саусақтардың қозғалысымен қуыршақ ортеке орғып билей бастайды. Оның биі жас балаларды қызықтыратыны сөзсіз, балалар неге қызықса соны тез үйренетінін дана халқымыз ертеден байқап, ортеке қуыршағы арқылы ұрпағын домбыра өнеріне баулыған.
Мені де осы ортеке қуыршағының қалай билейтіні, қалай жасалатыны қызықтырып, әкем Досқалиев Қайсар Батыржанұлымен ортеке қуыршағын жасадым. Алдымен ортекені жоба бойынша қағаз бетіне салып алдық, одан кейін ағашқа түсіріп, бас, кеуде, төрт жілік және төрт сирақ аяқтарын, мүйізін жеке-жеке ойып алдық. Дайын болған ортекенің 10 бөліктен тұратын денесін аяқтары еркін қозғалатындай етіп құрап алып, боядық. Ортекені орналастыратын арнайы оюланған тұғыр дайындап, сым арқылы ортекені бекітіп орналастырдық.
ӘкемҚайсар Батыржанұлымен бірге жасаған ортеке қуыршағымен байқауларға қатысып жүлделі орын алдым, концерттерде өнер көрсеттім. Осы тақырыпта ғылыми жоба жазып, ортеке қуыршағының пайда болуы мен дамуы, жасалу техникасын зерттедім. Қостанай өңірінде ортеке жасайтын шеберлер М.Рахалиевтан, Б.Ғазезовтан сұхбат алып, ортекенің жасалу құпияларымен таныстым. Ғылыми жетекшім Жармағанбетова Жаңагүл Рахымжанқызымен шеберлер жасаған ортекелерден «Адал азамат»бағдарламасының «Шабыт» жобасы негізінде «Ұлттық мәдениет» көрмесін ұйымдастырып, оқушыларға ортекенің түрлерін таныстырдық.
Ортеке 2022 жылы Қазақстаннан ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұра тізіміне енгізілді. Ортеке орындаушылық өнері қазіргі кезеңде жаңаша бағытта жандана бастады.Елімізде ортеке қуыршағын жасаушылардың байқаулары ұйымдастырылып, ортеке қуыршағының жаңаша түрлерінің жасалуына, осы өнердің тың бағытта дамуына жол ашуда.
Ортеке орындаушылық өнері оқушыларды әсемдікке тәрбиелейді көңіл күйін көтеріп, ішкі жай-күйіне әсер етеді. Ортекемен концертте өнер көрсету оқушылардың орындаушылық қабілетін жетілдіріп, ақыл ойын дамытады.
Батыржан Ерасыл, Дружба жалпы білім беретін мектебінің 5 «Ә» сынып оқушысы

 
 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!