Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

«Таза Қазақстан»: Бірге – таза болашақ үшін!

Дата: 21.10.2025 Рубрика: Край родной
50
0
«Таза Қазақстан»: Бірге – таза болашақ үшін!
Науырзым ауданында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған ауқымды тазалық акциясы өтті
11 қазан күні республика бойынша жарияланған «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында Науырзым ауданында кең көлемді тазалық акциясы ұйымдастырылды. Бұл игі шара табиғатты аялауға, қоршаған ортаны қорғауға және тұрғындар арасында экологиялық сана мен жауапкершілікті арттыруға бағытталды.
Акцияға Науырзым ауданының әкімі М.Ихтиляпов қатысып, аудан орталығы мен елді мекендердің тазалық жұмыстарына үлес қосты. Әкім тұрғындармен бірге көшелерді, саябақтарды және қоғамдық аумақтарды тазалап, ортақ іске белсенділік танытқан еріктілерге алғысын білдірді.
«Таза орта – салауатты өмірдің кепілі. Бұл акцияның басты мақсаты – тек бір күндік тазалық емес, экологиялық мәдениетті күнделікті өмір салтына айналдыру. Әр тұрғын өз ауласын, өз көшесін таза ұстауға үлес қосса – қоршаған ортамыз да көркейе түседі», – деді аудан әкімі.
Бұл күні ауданның барлық мекемелері мен ұйымдары, мектеп оқушылары, жастар бірлестіктері мен еріктілер, сондай-ақ белсенді тұрғындар бірлесе еңбек етті. Қатысушылар көшелер мен аулаларды, саябақтар мен демалыс орындарын, су айдындарының маңайын тазалады. Көптеген ауылдарда сенбілік рухында еңбек еткен жастар мен тұрғындар қоқыс қалдықтарын жинап, ағаш отырғызуға да атсалысты.

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!