Қызғалдақтар жайнағанда
Дата: 07.05.2024 Рубрика: Край родной
0
126
0
Әлемде қызғалдақтың 3000-ға жуық түрі бар. Елімізде соның 35 түрі өседі, 18-і Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Оның ішінде 4 түрі Науырзым қорығында өседі. Қазір қырда бәйшешек бүр жарып, мамыр айының басында қызғалдақ та құлпыра бастайды. Қыр қызғалдағын теремін деп айыппұл арқалап жүрмеңіз. Отандастарымыз әдемі суретке түсемін деп шығынға ұшырап жатқан фактірлердің тіркелгенін жаңалықтардан да естіп біліп жатырмыз.
Науырзым қорығының мамандары қызғалдаққа қызығып, құшағын гүлге толтыратындарға заң қатаң екенін ескертеді. Қазақстанның қызыл кітабына енгізілген өсімдіктерді жойғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. ҚР ҚҚ-нің 339-бабында өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, пайдалануға тыйым салынған түрлерін заңсыз пайдаланғаны үшін, сондай-ақ оларды сақтағаны, өткізгені, әкелгені, әкеткені немесе жойғаны үшін заң бұзушы заңға тартылады. Міне, қыр қызғалдағын көргенде осыны еске түсірсеңіз болғаны.
«Қазақ жерінің далалық аймақтарында көп кездесетін өсімдіктердің бірі – қызғалдақ гүлі. Кездесетін 32 түрінің 12-сі Қазақстанның эндемигі болып саналады. Оның сирек кездесетін 18 түрі Қызыл кітапқа енгізілген. Қазақ жерінде осынау әсем гүлдің сонша көп түрі кездескендіктен, Қазақстан – қызғалдақтар отаны болып саналады. Науырзым қорығында қосгүлді қызғалдақ, жатаған қызғалдағы, шренк қызғалдағы, биберштейн қызғалдағы өседі. Бұл гүлдер сәуір айының аяғы мамыр айының басында гүлдегендіктен, көзтартар әсемдігін тамашалауға қызыққан адамдар келуге асығады. Аталған сирек кездесетін қызғалдақтар түрі қорық аумағында өскендіктен жұлып алып кетуге тыйым салынған. Қызыл кітапқа енгізілген қызғалдақтарды жұлу заңсыз.», – дейді қорық қызметкері Жасұлан Қазымжан.
Қорықты қызықтаушыларға тек суретке түсіруге рұқсат етіледі. Кілемдей жайқалып өсетін қызғалдақтарды аялай отырып, біз оны болашақ ұрпақ үшін сақтап қалуымыз керек дегенді айтады мамандар.
Комментарии