Наурыз келді, далама
Дата: 19.03.2024 Рубрика: Край родной
0
268
0
Наурыз жылдың басы. Айнала жаңарып, көктем келіп, барша әлем өзгереді. Наурыз айының әр күні арнайы атаумен белгіленген. Соның бірі – көрісу күні, амал мерекесі. Бұл күні қазақ халқы бір-бірінің үйіне барып, өкпе-реніштерін ұмытып, бір-біріне жақсылық тілеп жатады. «Бір жасың құтты болсын!», «Амал мерекесі құтты болсын!» деп бірін-бірі құттықтайды. Бұл күні ең алдымен әулеттің үлкендеріне барып, сәлем беріп көрісіп жатады. Кәде-сыйлары да міндетті түрде бір-бірінің көңілдерін аулап, жаңа жылдың келуіне орай қуанышты болады.
Сонымен қатар Ұлттық киім күні, ұлттық тағам күні, шаңырақ, спорт, ынтымақ күні деп те атап өтіп жатырмыз. Әр мектеп оқушылары бұл күнде барынша атап өтуде. Ұлттық киім киіп, дастарқанды толтырып, дәстүрімізді де жаңғыртуда.
Комментарии