Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі

Дата: 24.03.2026 Рубрика: Изба-читальня
6
0
Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі
Рудный қаласындағы Мемлекеттік тілдегі кітапхананың ұйымдастыруымен «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романына арналған «Тарих пен тағдыр тоғысқан туынды» атты кітап көрмесі аясында мазмұнды әдеби әңгіме өтті. Іс-шараға Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық колледж студенттері қатысып, қазақ әдебиетіне деген қызығушылықтарын арттырды. Кітапхана қызметкерлері қонақтарды көрмемен таныстырып, романның тақырыптық ерекшеліктері мен тарихи мазмұнына кеңінен тоқталды.
Кітапханашы жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы жан-жақты ақпарат беріп, Қабдеш Жұмаділовтің тағылымды өмір жолын таныстыратын бейнеролик ұсынды. Студенттер романдағы ұлт тағдыры, ел бірлігі, тарихи кезеңдердің көркем бейнеленуі туралы ой қозғап, шығармадағы негізгі идеялар мен кейіпкерлердің тағдырын талқылады.
Кездесу барысында қонақтар Ж. Тұқатұлы мен Ж. Мұқашұлы өз пікірлерін ортаға салып, жастармен еркін форматта сұхбат жүргізді. Әдеби талқылау барысында студенттер өз көзқарастарын білдіріп, шығарманы талдау қабілеттерін көрсетті. Сонымен қатар, викториналық сұрақтар арқылы қатысушылар белсенділік танытып, білімдерін сынады.
Шара соңында қатысушылар қазақ әдебиетінің көрнекті өкілінің шығармашылығына деген қызығушылықтарын арттырып, тарихи танымдарын кеңейтуге мүмкіндік алды. Мұндай әдеби кездесулер жас ұрпаққа ұлттық әдебиет пен мәдени мұраның құндылығын терең түсіндіріп, олардың рухани дамуына, ой-өрісінің кеңеюіне ықпал етеді.
Жаңагүл Урганчбаева, мемлекеттік тілдегі кітапханасының кітапханашысы,
Рудный қаласы

 
 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!