Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

«Даланың соңғы ханзадасы»

Дата: 02.12.2025 Рубрика: Изба-читальня
27
0
  «Даланың соңғы ханзадасы»
Арқалық қаласындағы облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасының балаларға қызмет көрсету бөлімінде ұлт руханияты мен ғылымына өлшеусіз үлес қосқан көрнекті ғалым, саяхатшы, ағартушы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың 190 жылдығына орай «Даланың соңғы ханзадасы» атты танымдық көрме-­саяхат ұйымдастырылды.
Іс-шараға қаламыздағы Ш.Уәлиханов атындағы №1 жалпы білім беретін мектептің оқушылары қатысты. Көрме барысында балалар Шоқанның балалық шағы, білім жолы, зерттеушілік сапарлары, этнографиялық жазбалары, әскери қызметі және суретшілік дарыны туралы кең көлемде мағлұмат алды.
Кітапхана қызметкерлері ұсынған тарихи деректер, сирек фотосуреттер, Шоқан еңбектерінің басылымдары, сондай-ақ саяхатшының сызба-­жолкарталары мен салған суреттері оқушылардың ерекше қызығушылығын оятты.
Іс-шара барысында оқушылар үшін арнайы дайындалған викториналық сұрақтар, шағын пікірталас және таныстырылым көрменің танымдық әсерін арттырып, балалардың ғалым туралы білімін кеңейтті.
Мұндай танымдық көрмелер – жас ұрпақтың көкірегіне отансүйгіштік сезімін ұялататын, ұлт зиялыларын құрметтеуге баулитын, тарихи тұлғалардың еңбегін бағалауға үйрететін маңызды мәдени іс-шаралар.
Күлпара Абдуллина, №2 облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының кітапханашысы. Арқалық қаласы

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!