Ұлттық құндылықтар қамқоршысы
Дата: 17.12.2024 Рубрика: Изба-читальня
0
67
0
Мемлекеттік тілдегі кітапханада «Торғайдың күрең торы тобылғысы» атты танымдық кеш №15 М. Дулатов атындағы мектептің 2 сынып оқушыларымен өтті. Мақсаты: жазушы, ҚР Білімберу ісінің құрметті қызметкері, халық ағарту ісінің үздік қызметкері С. Кенжеахметовтың өмірбаянымен, шығармашылығымен таныстыру.
Іс шарада этнограф ғалым, жазушы, сатирик Сейіт Кенжеахметұлының өмірі мен шығармашылығы таныстырылды. Сейіт Кенжеахмет десе көз алдымызға қазақтың сайын даласы мен сан алуан салты-дәстүрі келе қалады. Өйткені Алтайдан Атырауға дейінгі ұлан-ғайыр өлкені өзі аралап, қазақтың сырлы шежіресін де қағазға түсірген осы кісі еді. Салт-сана жайын қозғай қалсаң суырылып сала беретін Сейіт ағаны халықтың «көшпелі энциклопедия» атап кетуі де содан шығар. Оған қоса езуіне күлкі үйіріліп, қасынан қазақы қалжыңы қалмайтын қаламгерді әдеби орта «қыр елінің Крыловы» атандырғанды. Ұлттық құндылықтырдың қамқоршысы һәм жоқшысы болған Сейіт аға ұлт басылымы – «Ана тілі» газетінің талай жылдар бойы тұрақты авторы әрі қоғамдық негіздегі кеңесшісі болды. Ұлттық ұғымдар, салт-дәстүр, мәдениет, жалпы этнография тақырыбындағы құнды материалдары газет бетінде жиі жарияланып тұрды. Әлі күнге «Ана тілі» газетінде этнографтың артында қалған бай мұрасы – танымдық материалдары «Ұлттық болмыс ұғымдары», «Тәрбиелік дәстүрлер» айдарымен жарияланып келеді. Сейіт Кенжеахметұлы қазақтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, тұрмысы жайлы зерттеп, бірнеше кітаптар жазып артына мол мұра қалдырған. Шарада Сейіт атамыз жайлы бейнеролик көрсетіліп, қазақтың наным-сенім, тиым сөздері және салт – дәстүрге байланысты викториналық сұрақтар қойылып, кітап көрмесіне шолу жасалды.
Комментарии