Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Тіл – ең асыл құндылық

Дата: 29.10.2024 Рубрика: Изба-читальня
53
0
Тіл – ең асыл құндылық
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінде және «Төрт тоқсан – төрт өнер» атты ұлттық мәдени-ағартушылық жобасының тұжырымдамасы аясында, балаларды ұлттық мерекелер, халықтық әдет-ғұрыптар негізінде адамгершілікке тәрбиелеу, балалардың адамгершілік тәжірибе жинақтауы, халықтың рухани игілігін мұра ету,тұлғааралық және ұлтаралық қатынастар мәдениетіне қол жеткізу мақсатында Абай жалпы білім беретін мектебінде айтыс өнерін, ақын-жырауларды насихаттау мақсатында ақын, айтыскер, ҚР мәдениет саласының үздігі Өтелбаева Салтанат Амантайқызымен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу 9-сынып оқушылары арасында шеберлік сағаты түрінде өтіп, оқушылармен «Айтыс өнері туралы» пікір алмасты. Салтанат Амантайқызы оқушыларға шеберлік сағаты барысында ақын болу, айтыскер болу үшін қандай қадамдар жасау керектігін айтып, айтыстың қыры мен сыры туралы көптеген тың ақпараттар айтып берді.
Іс-шара барысында оқушылар да өздерінің жазған өлеңдерімен бөлісіп, бір-бірімен айтысып көрді. Іс-шара соңы айтыскер ақынмен естелікке суретке түсіп, мектеп кітапханасындағы жазба күнделігіне естелік жазу қалдырумен аяқталды.

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!