Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Атадан қалған ақыл сөз

Дата: 22.10.2024 Рубрика: Изба-читальня
643
0
Атадан қалған ақыл сөз
Академик Қаныш Имантайұлы Сәтпаев – қазақ халқы мен Қазақстан тарихындағы зор құбылыс. Ол аса көрнекті ғалым – геолог ғана емес, өз заманының әйгілі табиғат зерттеушісі, жер қойнауының жыршысы, әлемдік өреге көтерілген ойшыл тұлғасы. Бүгін назарларыңызға ғалымның ғылым-білім туралы айтқан ой орамдарын ұсынамыз.
Өз білімін өмірдің, өндірістің тәжірбиелерімен нығайтып, байытып отыратын, тапқан ілімін үлкенді-кішілі ашқан жаңалығын халықтың қажетіне беріп отыратын ғылым ғана өз дәрежесінде заман талабының өресінде болады.
***
Ғылым майданының қатардағы жауынгері тек үнемі оқу, іздену, талпыну, тану, өмір мектебінен өту арқылы ғана оның ірі қайраткері дәрежесіне дейін көтеріледі. 
***
Ғалымға азық берер қайнар көзі кітап бетімен, лаборатория аумағымен ғана шектелмейді, өмірді танумен, еңбек адамының жасампаз ісін танумен кең өрісін табады.
***
Еңбек етпесең, жиған білімің кәдеге жарамай жатқан минерал секілді. Оның ішін аршып, асыл кенін жарқырату үшін еңбек керек, қол мен ой қимылы қажет.
***
...біліміңді еңбек пен өмірдің өзінде шыңдап отыр! Сонда ғана білім деп аталатын асыл тас ешқашан тот баспастан жалтырай да жарқырай береді.
***
Ісіңізге, еңбегіңізге, оқуыңызға нағыз нағыз адамгершілікпен қарасаңыз, сөз жоқ, жеңіске жетесіздер.
***    
Өз елінің қара тасын мақтан ете алмаған, өзге жердің алтынын да мақтап жарытпақ емес.
О. Сансызбай
 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!