Ұлттық ою-өрнек түрлері
Дата: 01.10.2024 Рубрика: Изба-читальня
0
216
0
«Западный» кітапхана-филиалында «Шебердің қолы ортақ» үйірмесінің қатысушылары үшін «Ұлттық ою-өрнек түрлерін жасау» тақырыбында шеберлік сағаты өткізілді.
Кітапханашы ою-өрнек қазақтың бұрыннан келе жатқан қол өнері екенін және оның қандай түрлері болатынын айтып өтті. Балалар С.Төленбаев, М.Өмірбекованың «Қазақтың ою-өрнектері» және «Қазақтың ою-өрнектерінің жасалу жолдары» кітаптарындағы ою-өрнек түрлерімен, жолдарымен танысып, өз қолдарымен қағаздан әр түрлі ою түрлерін жасады.
Айсана Асқар, оқушы
Комментарии