«Қазақ тілі – рухани өзегіміз»
Дата: 17.09.2024 Рубрика: Изба-читальня
0
175
0
Шилі ауылдық кітапханасы Тілдер күніне орай «Қазақ тілі - рухани өзегіміз» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Бас мақсаты – қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, құрметтеуге шақыру, өзге ұлт тілдеріне де сүйіспеншіліктерін көбейту. Оқырмандардың танымдылық қабілетін арттыру.
Шара барысында әр саланың қызметкерлері шақырылып, еліміздегі тіл саясаты туралы сөз қозғалды.
Сондай-ақ, атаулы мерекенің 5 қырқүйек күні өтуі «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен байланысты екені айтылып өтті.
Комментарии