Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

«Тіл мәртебесі – ел мәртебесі»

Дата: 17.09.2024 Рубрика: Изба-читальня
178
0
«Тіл мәртебесі – ел мәртебесі»
Өлеңді ауылдық кітапханасы тілдер күніне орай «Тіл мәртебесі - ел мәртебесі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. 
Іс-шара мақсаты – оқырмандардың ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу. Іс-шараға Өлеңді ауылы әкімі Жомарт Амантайұлы, заңгер Аруна Ауезханқызы қатысты. 
«Қазақстан ұлтаралас халқының бірлігі артып, елімізде ұлтымыздың ұлы тілімен қатар әлемдік тілдердің де құндылығын жоғары ұстап, Қазақ балаларының өзге тілді меңгергеніне қуанып, ауылымыздағы өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілінде сөйлеп, білім алып жатқанын көру біз үшін үлкен жетістік», – деп сөз қозғады ауыл әкімі.
Сонымен қатар, ұлттық тіл мәртебесін жоғары деңгейде ұстап, жаңа латын әліпбиін меңгеру арқылы келешек ұрпақ Қазақстанды одан да биік шыңдарға жетелейтіні жөнінде талқылады.
Кітап көрмеге кітапхана қорындағы тілге байланысты әдебиеттер, мерзімді басылым беттерінде әр жылдарда жарық көрген мақалалар және ғаламтор беттеріндегі қызықты мәліметтер орын алды. 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!