Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Кітап оқуды әдетке айналдыр

Дата: 11.06.2024 Рубрика: Изба-читальня
330
0
Кітап оқуды әдетке айналдыр
Бұл әр бала үшін өте маңызды. Себебі интеллегентті адам қашанда білім, ақыл мен парасатты кітаптан алады. Ал оқу дағдысын ерте жастан – ақ қалыптастырған дұрыс. Бүгін балаларға оқуға болатын кітаптар тізімін Рудный Мемлекеттік тілдегі кітапханасының қызметкері Урганчбаева Жаңагүл ұсынып, таныстырады.
Қайырлы күн, спорт сүйер қауым, құрметті жастар, оқушылар!
 Спорт – көркі өмірдің, 
 Спорт – досың, серігің,  
 Жаттықсаң шымыр боларсың, 
 Шынығып, өсіп, толарсың, – демекші,  салауатты өмір салтын ұстанып, спортты  серік етуге, өскен ортадан тек қана жақсы әдеттерді  бойына сіңіруге шақырамыз!
Бүгін сіздерге ұсынылып отырған кітаптар «Қазақтың Қажымұқаны» және «Күш атасы». Бұл кітаптарда жинақталған материалдар Қажымұқан атаны көргендердің естеліктерінен мәлімет береді.
«Қазақтың Қажымұқаны» атты  жинаққа  қазақ даласының батыры, алып күш иесі, ұлы балуан Мұқан Мұңайтпасұлын – көзі тірісінде Қажымұқан атанған Алаштың ардақты перзентін көзімен көріп, өнеріне тәнті болған замандастарының естеліктері, зерттеушілердің еңбектері кірген. Жинақ 1984-1990 жылдары «Қазақстан» баспасынан «Күш атасы» деген атпен жарық көрген кітаптардың жалғасы, толықтырылған нұсқасы.
 Француз және еркін күрестен көптеген халықаралық чемпионаттардың бірнеше дүркін жеңімпазы Мұқан Мұңайтпасов – әлемдік спорт аренасына шығып, шетелдердегі жарыстарда атақ-даңққа бөленген тұңғыш қазақ. Ол дүниежүзінің көптеген қалаларында күресті. Түріктің жауырыны жерге тимеген аты шулы палуандарын жыққаннан кейін оған «Қажы» атағы беріліп, Қажымұқан атанды. 
1927 жылы Қазақ АССР Орталық Атқару Комитетінің Президиумы Қажымұқанға «Қазақ даласының батыры» атағын берді. 
 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!