Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Артық білім кітапта

Дата: 04.06.2024 Рубрика: Изба-читальня
66
0
Артық білім кітапта
Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қоры керемет қаламгерлердің кітаптарымен толықты. Соның бірі Сайын Мұратбековтың «Қылау» атты кітабы. Қазақ прозасындағы ең сыршыл қаламгерлердің бірі – С. Мұратбеков. Көп жазбаған, тек жан дүниесін қозғаған, жазбасқа болмайтын дүниелерді ғана қағазға түсіріп кеткен жазушы. Бұл кітабында С.Мұратбековтың балалар өмірі туралы жазған әңгімелері енген.  
С. Мұратбековтың «Қылау» әңгімесінен үзінді...
...Сатай тәтті ұйқы құшағында жатады. Енді таң ата бергенде әкесі оятып, Тастөбеге барып шананы алып келуін тапсырады. Ұйқысын қимаған Сатай әкесіне ренжіген күйі орнынан әрең тұрып, торы дөненге мініп, Тастөбеге жол тартады. Күн қақаған суық. Үстіне киген қалың қара тон Сатайға суықты сездірер емес. Ол жолда зираттарды көріп. өлім туралы, өмірдің тәттілігі туралы ойлайды. Өз ойынан өзі шошып, басқа дүниеге көңілін бөлмек болып келе жатқанда межелі жерге де жетеді. Тастөбеден шананы алып, жылдам кері қайтуға асығады.
Жолда бүрсіп тұрған қызды көріп, жанына тоқтайды. Қыз Бірлік ауылына барады екен. Сатай жолайрыққа дейін ала кететінін айтады. Қыз келісіп, шанасына отырады. Жұқа пальто кигендіктен, қатты тоңып қалған екен. Сатай өз тонын шешіп береді. Жолда екеуі танысады. Қыздың есімі - Рабиға. Ол да Сатай сияқты 7-сыныпта оқиды. Екеуі мұғалімдерін, сабақтарын сөз қылып келе жатады. Кенет жолда қасқыр кезігеді. Сатай қорықса да, қыз алдында қорқынышын білдірмей, қасқырға аттандап, айқайлап қояды. Қасқыр алысқа барып шоқиып отырып, артта қалып қояды. 
Екеуі жолайрыққа жетеді. Сатай қызды қимағанымен, Рабиға қол бұлғап кете барады. Үйіне жол тартқан Сатай Рабиғаны ойлаумен болады. Кенет «НЕГЕ ҮЙІНЕ ДЕЙІН АПАРЫП САЛМАДЫМ?» деген ой келеді. Дереу кері бұрылып, жолайрыққа беттейді. Жолайрыққа жетсе, Рабиға көрінбейді. Бірлікке жол тартқан Сатай Рабиғаны іздеумен келеді...
Жалғасын толықтай барлығыңызға оқуға кеңес береміз. 
Шынар Шалғымбаева

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!