«Дрон сайыпқырандары»
Дата: 16.04.2024 Рубрика: Изба-читальня
0
215
0
Қазіргі заманауи мектептерде үйірменің көп түрі бар. Сонымен бірге жаңашыл ұстаздар да, ойы жүйрік, қолы шебер оқушылар да көп. Балалардың ойы, өз қолдарымен бір нәрсе ойлап шығару. Сол қиялдарының бірі дрон ұшыруымен байланысты.
Облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қоры көптеген керемет кітаптарға толы. Соның бірі – Неджати Акбабаның «Дрон сайыпқырандары» атты кітабы.
Бұл кітаптың іші қиял-ғажайыпқа толы. «Ярен, Үміт және Окан — жақын достар. Үшеуі мектептің ең зерек оқушыларының қатарында. Олар қазір мектеп зертханасында дрон жасап жатыр. Үшеуінің арманы — нарықтағы қарапайым емес, көрінбейтін және өз-өзін қуаттайтын дрон ойлап табу. Мектептің бұзық балалары Неждет пен Кенан болса оларға қызғанышпен қарап, іздерінен аңдып, жобаларының күл-талқанын шығармақшы. Үш дос алдарында кездескен түрлі қиындықтарға қарамастан дрон жасап шығара ала ма?»
Соңына дейін оқысаңыздар, білесіздер!
Ш.Шалғымбаева,
кітапханашы
Комментарии