«Қош келдің, Наурыз!»
Дата: 02.04.2024 Рубрика: Изба-читальня
0
288
0
Наурыз мерекесі қарсаңында № 15 мектебінің 5 сынып оқушыларына арналған «Станционный» кітапхана-филиалының қызметкерлері «Қош келдің, Наурыз!» халық мерекесін өткізді. Кітапханашы мерекенің тарихы, халықтық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар, тек осы мерекеге дайындалатын ұлттық тағамдар туралы айтты.
Сондай-ақ, мерекенің басты тағамы– наурыз көже екенін айтып өтті. Балалар жеті түрлі тағамнан тұратын наурыз көженіңің қоспасын айтып берді. Дәстүр бойынша «Шашу» рәсімі өткізілді. Одан әрі викторина өткізіп, онда қазақ дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы сұрақтарға жауап берді. Оқушылар көктем, табиғат, туған өлке туралы өлеңдер айтты.
Іс-шарада Наурызға арналған музыкалық композициялар шырқалды, оқушылар мерекеге байланысты бір-біріне жақсы тілектерін білдірді. Оқушылардың назарына «Наурыздың жауһаз сырлары» кітап көрмесінен кітаптар ұсынылды.
Галия Аязбаева,
«Станционный» кітапхана-филиалының кітапханашы

Комментарии