Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

ТАНЫМАЛ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ТІЛ ТУРАЛЫ АЙТҚАНЫ

Дата: 26.03.2024 Рубрика: Изба-читальня
314
0
ТАНЫМАЛ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ТІЛ ТУРАЛЫ АЙТҚАНЫ

Тәрбие басы – тіл (Махмұд Қашқари).
* * *
Тіліңді тый – тісің сынбайды (Ахмет Игүнеки).
* * *
Басқа пәле – тілден (Жиренше).
* * *
Аяққа кісен салуға болар, қолға кісен салуға болар – тілге кісен салуға болмас (Бәйдібек Қарашаұлы).
* * *
Тіл жүректің айтқанына көнсе – жалған шықпайды (Абай).
* * *
Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады (Ахмет Байтұрсынов).
* * *
Тілден – зікір, көңілден – пікір (Сұлтанмахмұт Торайғыров).
****
Өзге ұлттың тілін, дәстүрін білмей, оның жанын, арманын түсіну, сеніміне, құрметіне бөлену мүмкін емес.
Өз тілінің сұлулығын сезінбей, өзге тілдің сұлулығын сезіну екіталай. (Бауыржан Момышұлы).
* * *
Тiлсiз ұлт, тiлiнен айрылған ұлт дүниеде ұлт болып жасай алмақ емес. Ондай ұлт құрымақ. Ұлттың ұлт болуы үшiн бiрiншi шарт – тiлi болу. Ұлттың тiлi кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетедi. Ұлтқа тiлiнен қымбат нәрсе болмасқа тиiстi. (Мағжан Жұмабаев).
* * *
Адамның адамдық, ұлттың ұлттық ең жоғарғы қасиеті – тіл өткірлігі мойымасын, тіл сұлулығы кемімесін! (Ғабиден Мұстафин).
* * *
Ана тілінен айырылған адам өз халқы жасаған мәдени мұраның бәрінен құралақан қалады. (Ғабит Мүсірепов).
фото из доступных источников Интернета

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!