Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Журналист болғым келеді

Дата: 27.02.2024 Рубрика: Изба-читальня
121
0
Журналист болғым келеді
            Әр адам кез-келген нәрсені өзі істеп көрмейінше үйрене алмайды. “Көз қорқақ, қол – батыр” деген нақылдың мағынасы да сол қисынды түсіндіреді. Ал журналист тыңдарманды өз сөзіне сендіруі үшін әуелі өзіне-өзі сенімді болуы керек. Оның сенетіні – өзінің бойындағы қабілеті, құндылықтары. Өзімнің де көзім жетуі үшін, мектеп  ішінде осы шеберлікке үйрететін үйірме іздеуге кірістім. Менің талпынысым зая қалмады, Мектептегі «Журналистика» атты үйірмеде бойымдағы қабілеттерімді дамытып келе жатырмын. Бұл ұйымның жетекшісі: Сендерді журналистика саласының жұмысымен таныстырып, осы саладағы мүмкіндіктеріңді ашар. Мүмкін болашақта біреулерің бұл мамандықты таңдап, халыққа, мемлекетке қол ұшын тигізерсіңдер деген үміттемін», деді. Бұл шығармашылық бірлестігі мені журналист мамандығының қыр-сырымен таныстырды. Менің журналистикаға деген көзқарасым кеңейіп, құлшынысым одан сайын арта түсті.
Журналистика – қиын да, қызықты мамандықтардың бірі. Тапқырлық, шыдамдылық пен батылдықты қажет ететін мамандық. Дегенмен, қызығы мен шыжығы қатар жүретін қызықты мамандық та. Меніңше, журналист еңбекқор болуымен қатар, жауапкершілігі мол тіл жанашыры болуы тиіс.
Мен болашақта журналист болуды армандаймын. Бұл кәсіптің бүкіл қыр-сырын игеріп, тереңінде жатқан асыл маржандарын теру –  білікті маман иесі болу жолындағы қадамның бірі. Сол жолда ұшқыр ойыммен, киелі қаламыммен қасқайып қарсы тұратын асқақ ойлы азамат боламын деп ойлаймын. Ол үшін жоғарғы білім алып, халқыма адал қызмет етемін. Ащы болса да, шындықты жақтайтын, шындық үшін күресе білетін, өз ісімнің маманы болғым келеді. Кім біледі, мүмкін, менің бүгінгі арманым – ертеңгі болашағым болар?! Бүгінгі қиялымдағы ойым – ертеңгі күнімнің еңбекпен тауып жейтін азығым болар?!
Сабина Турабаева,
Журналистика үйірмесінің қатысушысы.
 

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!