Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Баурап алған «Балдырған»!

Дата: 27.02.2024 Рубрика: Изба-читальня
339
0
Баурап алған «Балдырған»!
Бүгінгі күні «Балдырған» журналы біздің сыныбымыздың қызығып оқитын басылымына айналды. Балдырған журналына деген қызығушылығымыздың артқаны сонша, сыныбымдағы 25-ке жуық бала журналдың ай сайынғы басылымына жазылып та үлгердік. Ал, енді мұндай қызығушылық қайдан туды дейсіздер ғой? Әрине, ол сынып жетекшіміз Шолпан Бурабайқызының «Балдырған» журналының пайдалы, танымдық, қызықты айдарларының негізінде сыныбымызда ұйымдастырған іс-шараларының нәтижесі деп білемін.
Ұстазымыз алғашында сабақ арасындағы үзіліс кездерінде бізге өздеріңе қызықты ертегі, әңгімелерді оқыңыздар деп бірнеше оқушыға «Балдырған» журналын таратып берді. Нәтижесінде, журналдағы материалдар біздің талғамымздан шыққаны сонша, біз аз ғана дана журналға таласып қалдық. Оны байқаған ұстазымыз, бізге тәлім сағаттарында «Балдырған» журналындағы сөзжұмбақ, жаңылтпаш – жұмбақтар айдарлары негізінде арнайы топтық ойындар ұйымдастырды. Оған баршамыз бірдей белсене қатыстық. Ұстазымыз бізге бір ғана ойын ішінде қазақша сөздікқорымыздың кеңейіп, командалық жұмыстағы дағдыларымыздың ашыла түскенін, тарихи, патриоттық, танымдық бағыттарда қосымша мәлімет алып үлгергенімізді айтып, cабақты қорытындылап берді.
Осы ойыннан алған әсерімізді ата- аналарымызбен бөлісіп мәз-мейрам болдық. Ата-аналарымыз мұндай керемет әсерді көріп, ұстазымыз бен кітапханашымызды ортаға алып, «Балдырған» басылымына бізді жеке-жеке жазып та қойды. Мінеки, біз енді наурыз айында шығатын басылымды асыға күтіп отырмыз.
Жеке өзіме келетін болсам, мен сонымен қатар «Балдырғанның» халқымыздың рухани қазынасына айналған ертегi – аңыздарға, бүгiнгi күн балаларының өмiрiнен алынған әңгiме - өлеңдерге, тақпақтар мен әлем балалар әдебиетiнiң туындыларына арналған айдарларын ұнатамын. Ал, ғибрат, салт-дәстүр, ойсалмақ деген айдарларды отбасымызбен бірге отырып оқуды дәстүрге айналдырсақ деген ойымыз бар. 2 жасар інім болса, Балдырғанның санамағын, қуырмашы мен сурет галереясын қызықтайды.
«Балдырған» журналының ұжымына шығармашылық табыс тілей отырып, осындай танымдық отандық баға жетпес туынды үшін алғысымды білдіргім келеді.
            Зәки Бағым,
Қостанай қаласының № 24 мектеп- гимназиясының 2-ші сынып оқушысы

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!