Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Балалар кітаптары

Дата: 23.01.2024 Рубрика: Изба-читальня
206
0
Балалар кітаптары
Амангелді аудандық орталық балалар кітапханасы жыл басынан бастап мектептермен, балалақшалармен байланысты жақсарту, оқырмандарды кітапханаға тарту, кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында жұмыстар жүргізуде.
Амангелді аудандық орталық балалар кітапханасына “Жұпар” балабақшасының бүлдіршіндері кітапханаға қонаққа келді. Кішкентай оқырмандарымызды алдымен кітапханамен, кейін балалар демалыс бөлмесінде "Дыбысқа құлақ асайық" айдарындағы аудио кітаптармен кітапханашы Ақдаулетова Шынар таныстырды.
            Балалар әдебиетін насихаттап, ел руханиятын көтерген тұлғалардың тағылымды шығармашылығымен таныстыру, өскелең ұрпақты кітап оқуға тарту, балалардың кітап оқу белсенділігін арттыру өте маңызды.
Ақын-жазушылардың шығармаларын насихаттаудың да жасжеткіншектер үшін тағылымы үлкен. «Балалар – кітап әлемінде» атты жаңадан келіп түскен кітаптар таныстыру барысында көз жеткіздік.
            «Балғын балалар – біздің болашағымыз» атты кітап көрмесінен балаларға арналған әдебиеттер ұсынылды. Қиял-ғажайыпқа толы 4D Таңғажайып кітаптар ертегілерелінен кейіпкерлері ұялы телефон QR-коды көрсетіп барлық ертегідегі кейіпкерлер тіріліп балаларды таңқалдырды. Байды алдаған Алдар, көңілді мыстан кемпірлер, отбасымен шалқанды жерден суырып алған ата мен апа, айласын асырған қасқыр мен тілазар жеті лақ жайлы ертегілер балғын балаларға ерекше әсер етіп, қызыққа бөледі. Ертегілер кейіпкерлерімен балалар уақытты өте көңілді өткізді.
Зарина Мұсабаева,
кітапханашы.
 

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!