Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Айтыста жеңіп шыққан Ирина

Дата: 05.05.2026 Рубрика: Гость ЗЯ
3
0
Айтыста жеңіп шыққан Ирина
Қостанай қаласының тұрғыны Ирина Новицкая мемлекеттік тілді меңгерген өзге этнос өкілдері арасындағы республикалық айтыста үздік атанды.
Елордада Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Алтын шаңырақ» атты республикалық айтыс өтті. Айтыс Астана қаласының әкімдігі тарапынан AMANAT партиясының, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі және Қазақстан халқы Ассамблеясы қолдауымен ұйымдастырылды.
Айтыстың басты ерекшелігі – әртүрлі этнос өкілдерінің қатысуы. Сахнаға 12 қатысушы шығып, 6 жұпқа бөлініп өнер көрсетті. Әрқайсысы танымал айтыскерді тәлімгер ретінде ертіп келіп, ұлттық өнердегі сабақтастық пен шеберліктің жалғасын айқын көрсетті.
Қостанай облысынан қатысқан өнерпаздар ерекше көзге түсті. Ирина Новицкая Амангелді ауданының тумасы, бүгінде Қостанай қаласында мемлекеттік тілді дамытуға және насихаттауға белсенді үлес қосып келеді. Ол «Мәміле: ситуативті қазақ тілі» курсының оқытушысы, бұл жоба облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы бастамасымен Достық үйі базасында 5 жылдан астам уақыт бойы жүзеге асырылып келеді. Оның өнері көрерменнің ерекше ықыласына бөленді.
Иринамен сөз қағыстырған тағы бір жерлесіміз Алла Платонова. Ол да Қостанай облысының тумасы, бүгінде елордада тұрады. Екі ақынның айтысы кештің көркін қыздырып, өзара құрмет пен жоғары мәдениеттің үлгісін көрсетті.
Айтыстың ерекше әсерлі сәттерінің бірі – сый алмасу болды: Ирина туған жердің топырағы салынған тұмар тарту етсе, Алла өз кезегінде Мұхтар Шаханов кітабын Ұлттық кітап күніне орай сыйға тартты.
Қазылар алқасының шешімімен Ирина Новицкая мен оның жетекшісі Жібек Шахмарданқызы жоғары деңгейдегі өнер көрсетіп, бас жүлдені жеңіп алды. Оларға 3 000 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық табысталды.
 

 
 
 
 
 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!