Алаш рухын таныған ұрпақ
Дата: 18.11.2025 Рубрика: Главная ценность
0
36
0

Ана тіліңді терең меңгеремін десең, алдымен Алаш көсемдерінің өмірі мен мұрасымен таныс болғаның жөн. Өйткені тіл – тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ол ұлттың рухы мен тарихының айнасы. Өткеніңді білмей, тіліңнің қадірін толық сезіну мүмкін емес. Алаш арыстары қазақ тілін сақтап, оны ұлттың тұтастығын қорғаудың ең басты құралы деп білді. Сол себепті олардың еңбектерін оқу – ана тіліңді құрметтеудің де бір көрінісі. Алаш мұрасы – сөзге, тілге, ұлт болашағына деген сүйіспеншіліктің үлгісі. Ал сол рухты тану – әрбір жас ұрпақтың қасиетті борышы.
Күзгі демалыс – тек тынығу уақыты емес, сонымен бірге жаңа білім мен рухани байлыққа кенелу кезеңі. Осы мақсатта Арқалықтағы қосымша білім беру орталығының оқушылары қаламыздағы Дала өлкесі тарихи-өлкетану мұражайына экскурсия жасап, қазақ халқының көрнекті тұлғасы Міржақып Дулатұлының өмірі мен шығармашылығымен жақынырақ танысты.
Экскурсия «Міржақып Дулатұлы – Алаш рухының шамшырағы» атты көрмені тамашалаудан басталды. Мұнда ұлт ұстазының еңбектері, көне кітаптар, қолжазбалар, фотосуреттер мен жеке заттары көрермен назарына ұсынылды.
Мұражай қызметкерлері балаларға Міржақып Дулатұлының қазақ тілінің дамуы мен ұлттық сананың қалыптасуына қосқан үлесі туралы мазмұнды әңгіме өрбітті. Олар «Оян, қазақ!» еңбегінің мән-маңызына тоқталып, жазушының тіл арқылы елді оятуға, азаттық рухын сіңіруге ұмтылғанын түсіндірді.
Оқушылар үшін бұл экскурсия тек тарихи деректермен танысу емес, сонымен қатар ана тіліміздің қадірін сезіну, ұлттық құндылықтарды бойға сіңіру сабағына айналды. Шара соңында оқушылар алған әсерлерімен бөлісіп, Алаш қайраткерлері туралы өз ойларын ортаға салды. Мұражайдағы бұл танымдық саяхат жас ұрпақтың тілге, тарихқа және елге деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталды.

Комментарии