Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Отбасы құндылықтары

Дата: 26.09.2023 Рубрика: Главная ценность
359
0
Отбасы құндылықтары
Раздольный ауылдық кітапханасы көпбалалы ата-ана Серік-Гүлмира Мырзахметовтармен отбасы күніне орай «Менің жанұям» атты тәрбие сағатын ұйымдастырды. Іс-шара барысында көпбалалы отбасылардың отбасылық құндылықтары туралы сөз қозғалды.
Үйдің тұңғышы Алматы қаласындағы ЖОО музыкалық консерваторияның студенті болса, екінші балалары колледж студенті. Елшат пен Мәдина мектеп оқушылары, ал кенжелері ауылдық балабақша тәрбиеленушісі.
Отау құрғандарына биыл 23 жыл толған отбасы, ауылдың үлгілі отбасыларының бірі. Балалары тәрбиелі, оқуда үздік, түрлі өнерге икемді бүлдіршіндер.
Шара барысында туыстар, жеті ата туралы айтылып, балалар арасында отбасы туралы мақал-мәтел айту шағын жарысы өткізілді. Сағат соңында балалар өздері дайындап келген өлеңдері мен «Менің отбасым» тақырыбына салған суреттерін назарға ұсынды.

 
 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!