Ұлттық ойынға деген қызығушылық
Дата: 13.10.2026 Рубрика: Фантазёры
0
6
0

Ұлттық ойынды ұлықтаған додаға облыстың үш өңірінен келген 8 команда, 40-тан астам жас спортшы қатысты. Жарыс барысында бүлдіршіндер мергендік пен дәлдіктерін сынап, шапшаңдықтары мен ептіліктерін көрсетті.
№32 жалпы білім беретін мектептің базасында балабақша тәрбиеленушілері мен мектепалды сынып оқушылары арасында облыстық «Асық ату» жарысы өтті.Жарыстың басты мақсаты – халқымыздың ұлттық құндылықтарын дәріптеу, асық ату ойынын кеңінен насихаттау, балаларды ұлттық спортқа баулу және салауатты өмір салтын қалыптастыру. Сонымен қатар жарыс жас өрендерді мергендікке, шапшаңдыққа, ептілікке, ұйымшылдық пен жеңіске деген жігерге тәрбиелеуге бағытталды.
Сайыс барысында кішкентай спортшылар бар күш-жігерін салып, өз командалары үшін ұпай жинауға тырысты. Әрбір дәл тиген асық пен сәтті орындалған әдіс көрермендердің қошеметіне бөленіп, жарысқа ерекше тартыс сыйлады. Бүлдіршіндердің ұлттық ойынға деген қызығушылығы мен белсенділігі де көпшіліктің көңілінен шықты.
Қостанай қаласының намысын қорғаған 4 команда арасынан екі команда жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда: І орын – №31 жалпы білім беретін мектептің командасы, ІІ орын – №16 балабақшаның командасы. Жарыс қорытындысында жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы мадақтамалармен және медальдармен марапатталды.

Комментарии