Танымға толы саяхат
Дата: 30.06.2026 Рубрика: Фантазёры
0
6
0

«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығының «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінің оқушылары Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетіне танымдық экскурсия жасап қайтты.
Экскурсия барысында оқушылар университет қабырғасындағы мұражайлар кешенін аралап, өңірдің тарихы мен табиғатын танытатын бірегей жәдігерлермен танысты. Балалар сирек кездесетін жануарлар мен құстардың тұлыптарын, пайдалы қазбалар үлгілерін, көне тарихи бұйымдарды тамашалап, олардың шығу тарихы мен маңызы туралы қызықты мәліметтер алды.
Мұражай қызметкерлері мен экскурсия жетекшілері жас қонақтарға туған өлкенің табиғи байлығы, тарихи мұрасы және оны сақтау жолдары туралы жан-жақты ақпарат берді. Әсіресе оқушылар табиғат әлеміне қатысты экспозицияларға ерекше қызығушылық танытып, көптеген сұрақтар қойды.
Танымдық сапар «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасының құндылықтарымен ұштасып, балалардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталды. Экскурсия барысында табиғатты қорғау, туған жердің тазалығын сақтау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелері кеңінен қозғалды. Оқушылар табиғатты аялау – әр азаматтың парызы екенін түсініп, қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосуға дайын екендіктерін білдірді.
Мұндай тағылымды кездесулер мен экскурсиялар жас ұрпақтың туған өлкеге деген сүйіспеншілігін арттырып қана қоймай, олардың білімге құштарлығын, зерттеушілік қызығушылығын және экологиялық санасын қалыптастыруға ықпал етеді. Экскурсия соңында балалар көтеріңкі көңіл-күймен әсерлерімен бөлісіп, өздері үшін жаңа білім мен жарқын естеліктерге толы күн болғанын айтты.

Комментарии