Тағылымды кездесу
Дата: 05.05.2026 Рубрика: Фантазёры
0
3
0

Ұлттық кітап күніне орай Рудный қаласындағы Мемлекеттік тілдегі кітапханасының ұйымдастыруымен «Өмір мен өнердің өзегін жазған – Ақылбек» атты «Жанды кітап» форматындағы мазмұнды кездесу кеші жоғары деңгейде өткізілді. Бұл тағылымы мол шараның басты мақсаты – оқырманды әдебиет әлемімен тереңірек таныстырып, рухани құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ жергілікті қаламгердің шығармашылығын кеңінен насихаттау болды.
Іс-шараға қала тұрғындары, «Кездесу» клубының мүшелері, ұстаздар қауымы, Рудный тау-кен технологиялық колледжінің студенттері, Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушылары және кітапхана қызметкерлері қатысып, әдеби кештің көркін қыздырды.
Кеш барысында оқушылар мен өнерпаздар ақынның жүрек тербетер жырларын мәнерлеп оқып, көрерменге ерекше әсер сыйлады. Сонымен қатар күй өнерінің шеберлері қазақтың асыл мұрасы саналатын «Балбырауын», «Жауға» күйлерін орындап, ұлттық рухты асқақтатты. «Жадыра» вокалдық ансамблінің әсем әндері кештің ажарын ашып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Іс-шара аясында кітап оқуды насихаттау мақсатында арнайы номинациялар бойынша үздіктер анықталды. Атап айтқанда, «Үздік кітапқұмар – 2026», «Үздік оқырман – 2026», «Ең көп оқитын отбасы» аталымдары бойынша жеңімпаздар марапатталып, оларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды. Бұл марапаттарды кештің басты қонағы – қазақ әдебиетіне елеулі үлес қосқан көрнекті ақын, жазушы, драматург Ақылбек Қожаұлы Шаяхметтің өзі табыстап, жас оқырмандарға жүрекжарды лебізін білдірді.
Кештің ең әсерлі сәттерінің бірі – қонақпен өткен еркін сұхбат болды. Қатысушылар ақынның шығармашылық жолы, өмірлік ұстанымы туралы тың деректермен танысып, көкейдегі сұрақтарын қойып, тағылымды жауаптар алды. Ақынның әрбір сөзі жастарға ой салып, рухани байлықтың маңызын ұғындырды.
Айта кету керек, биыл Ақылбек Қожаұлының 75 жасқа толуына орай ұйымдастырылған бұл кездесу – оқырман мен қаламгер арасындағы алтын көпірге айналған тағылымы терең, ерекше рухани кеш болды. Кеш соңында қадірлі қонаққа лайықты сый-құрмет көрсетіліп, қатысушылар ақынға жүрекжарды алғыстарын білдіріп, ыстық ықыластарын жеткізді.
Гүлбараш Уалиева, Мемлекеттік тілдегі кітапхана меңгерушісі. Рудный қаласы

Комментарии