«Менің дауысым – менің елім»
Дата: 17.03.2026 Рубрика: Фантазёры
0
7
0

Отан алдындағы жауапкершілікті жүрегімен сезінетін азаматтарды тәрбиелеу, патриоттық рухты күшейту және көркем сөз мәдениетін дамыту мақсатында Үрпек ауылында мектеп оқушылары мен ауыл қызметкерлері арасында «Менің дауысым – менің елім» атты патриоттық өлеңдерден көркемсөз байқауы өткізілді.
Тағылымы мол шараны ауыл кітапханашысы Майраш Тұрғынбайқызы Нұржанова жүргізді. Байқауға қатысушылар туған жер, Отан, тәуелсіздік, азаматтық парыз тақырыптарын арқау еткен өлеңдерді мәнерлеп оқып, қазақтың көрнекті ақындарының шығармалары арқылы елге деген сүйіспеншілігін, азаматтық жауапкершілігін және еркін таңдау құқығының маңызын жырға қосты.
Байқау барысында Хамитбек Мұсабаевтың «Елге тілек» өлеңін Жанкелдіқызы Жәния оқыса, Әбжан Әбілтайдың «Конституция» өлеңін Зейнолла Кәусар, «Ата заңым – айбыным» шығармасын Дүйсенбай Кәусар орындады. Сондай-ақ Ақұштап Бақтыгерееваның «Отан жайлы менің барлық өлеңім» туындысын Шакенова Айдана, Әбжан Әбілтайдың «Елім менің» өлеңін Төлеген Дамира, Хамитбек Мұсабаевтың «Тәуелсіздік» өлеңін Дүйсенбай Інжу Маржан мәнерлеп оқыды.
Ал Мұқағали Мақатаевтың «Отан» өлеңін Үрпек ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Темірбай Ботагөз, Жұбан Молдағалиевтің «Мен қазақпын!» атты жалынды шығармасын ауылдық клуб меңгерушісі Жұмағанбатова Айгүл әсерлі жеткізді.
Байқауға әділқазылық етуге Амангелді ауданы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Айнұр Тойкеновна Ибраева, Б.Қолдасбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айдос Жанайұлы Қызыринов, сондай-ақ Үрпек ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Нұрболат Болатұлы Биахмет қатысты.
Әділқазылар алқасының шешімімен байқау қорытындысында, І орын – Зейнолла Кәусар, ІІ орын – Дүйсенбай Кәусар, ІІІ орын – Жанкелдіқызы Жәния иеленді.
Жеңімпаздар мен қатысушыларға алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.
Іс-шара барысында мәдени бағдарлама да ұйымдастырылды. Байкенов Жангелді ағайдың жетекшілігімен дайындалған қыздар тобы «Бір бала» және «Маленькая страна» әндерін орындап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Сонымен қатар мектеп тәлімгері Қарлығаш Әлібекованың орындауындағы «Біздің жақта» әні көрермендерге ерекше әсер қалдырды.
Шара соңында сөз алған Амангелді ауданы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Айнұр Ибраева ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, қатысушыларға ризашылығын жеткізді.
Шынында да, сахнада оқылған әрбір өлеңнен Отанға деген махаббатты, еркіндікке деген сенімді және ел болашағына деген жауапкершілікті анық сезінуге болады. Мұндай тағылымды шаралар жас ұрпақтың бойында патриоттық рухты қалыптастырып, елжандылық сезімді нығайтуға өз үлесін қосатыны сөзсіз.
Майраш Нұржанова, Үрпек ауылының кітапханашысы.

Комментарии