Асық ату мен бес асықтан қалалық лига
Дата: 10.02.2026 Рубрика: Фантазёры
0
6
0

Қостанай қаласында ұлттық спортты ұлықтаған жарқын дода өтті.
С. Көбеев атындағы жалпы білім беретін мектепте Қостанай қаласы мектептерінің 5–6 және 7–8 сынып оқушылары арасында асық ату және бес асық бойынша қалалық мектеп лигасы ұйымдастырылды. Ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған бұл турнирге қаладағы 30 мектептен 300-ден астам оқушы қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Жарыстың басты мақсаты – балалар мен жасөспірімдер арасында асық ату мен бес асық ойындарын кеңінен насихаттау, ұлттық спорт түрлеріне қызығушылықты арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру және алдағы облыстық жарыстарға қатысатын үздік спортшыларды іріктеу.
Турнир барысында жас спортшылар мергендік пен ептілікті, шапшаңдық пен төзімділікті қатар көрсетті. Әр ойын шиеленіске толы өтіп, қатысушылар ұлттық ойын ережелерін қатаң сақтай отырып, жоғары деңгейде өнер көрсетті. Асықтың сақа тиген сәттері мен дәл ұпай әкелген лақтырулар көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Жарыс көрігін қыздырған тағы бір жайт командалар арасындағы өзара қолдау мен ұйымшылдық. Оқушылар тек жеңіске жетуді ғана емес, ұлттық ойын арқылы достық пен сыйластықты да нығайта білді. Көрермендер үшін де бұл турнир тартысты әрі әсерлі өтті.
Әсіресе, 5–6 сынып ұлдар арасында асық атудан өткен жарыста жоғары нәтиже көрсеткен командалар жүлделі орындарға ие болды. Бірінші орынды жеңіп алған командалар асық ату және бес асық бойынша облыстық мектеп лигасында Қостанай қаласының намысын қорғады.
Аталған қалалық мектеп лигасы ұлттық ойындарды жаңғыртып қана қоймай, жас ұрпақтың спортқа деген қызығушылығын арттыруға, ата-бабадан мирас болған дәстүрлі ойындар арқылы тәрбиелік мәні зор құндылықтарды бойына сіңіруге үлкен үлес қосты. Осындай жарыстар жас буынның рухын көтеріп, ұлттық болмысты сақтаудың жарқын үлгісіне айналып келеді.
Қостанай қаласы

Комментарии