Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Жастар комикс әзірледі

Дата: 30.09.2025 Рубрика: Фантазёры
63
0
Жастар комикс әзірледі
Қазтұтынуодағының Қостанай жоғары колледжінде облыс колледждері арасында алғашқы болып «Ассамблея жастары» жастар клубы ашылды.
Бұл клубтың алғашқы шығармашылық жобасы – Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихына арналған ерекше комикстер сериясы болды.
Жоба авторлары – колледж студенттері София Майер мен Аман Смаил және №1 мектеп-лицейінің оқушысы Тамерлан Сүлейменов. Үш жас өнерпаз заманауи технология – жасанды интеллектті пайдалана отырып, Қазақстандағы ең алғашқы Ассамблея тақырыбындағы комиксті құруға кіріскен.
– Біздің мақсатымыз – Қазақстан халқы Ассамблеясының құндылықтарын қарапайым әрі түсінікті тілде жеткізу. Комикс арқылы жастарға Ассамблеяның тарихы мен қызметін жақын әрі қызықты етіп танытуға тырыстық, – дейді жобаның бірлескен авторы София Майер.
Комикс сериясы сегіз шығарылымнан тұрады. Әрбір шығарылым Ассамблея тарихындағы нақты кезеңдер мен маңызды оқиғаларға арналады. Мұнда түрлі этнос өкілдерінің достығы, ел бірлігін сақтаудағы Ассамблеяның рөлі, сондай-ақ жастардың белсенді азаматтық ұстанымы көрініс табады.
Комикстің басты ерекшелігі – жас авторлар барлық кейіпкерлерді, көріністерді және иллюстрацияларды жасанды интеллект көмегімен жасап шыққан. Бұл тәсіл жобаны креативті етіп қана қоймай, жаңа буынға технология арқылы тарихты жеткізудің тың үлгісін ұсынды.
Мектеп пен колледж оқушылары бірлесіп жүзеге асырған бұл бастама Ассамблея тарихын жастарға жаңаша көзқараспен таныстыруға мүмкіндік бермек. Жоба алдағы уақытта Қостанай өңірінде ғана емес, республика бойынша да жастардың қызығушылығын арттырады деп күтілуде.

 
 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!