Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Табиғатты өрттен қорғау – ортақ міндет

Дата: 22.07.2025 Рубрика: Фантазёры
129
0
Табиғатты өрттен қорғау – ортақ міндет
Жаз мезгілі – табиғат аясында демалып, орман мен қорықтарға барып тынығатын кезең. Алайда бұл мезгіл – сонымен қатар өрт қаупі күрт күшейетін шақ. Әсіресе, құрғақшылық кезеңдерде, ерте көктем мен күз айларында ормандар мен далада өрт шығу қаупі артады.
Қорық аумағында орын алатын өрттердің басым бөлігі адам әрекетінен туындайды. Бұл отты дұрыс сөндірмеу, темекі тұқылдарын тастау, шөлмектер мен шыны қалдықтарын қалдыру, арнайы рұқсат етілмеген жерде от жағу секілді әрекеттерден туындайды. Күн сәулесін өткізіп, шөпті тұтандыратын шыны бөтелкелер – әсіресе қауіпті фактор.
Өрт шыққан жағдайда ағаштар жанып, орман қоры азаяды, жануарлар мен өсімдіктер жойылады, ауаның сапасы нашарлайды, топырақ құнарсызданып, биоалуантүрлілікке орасан зиян келеді.
Қатты жел өртті жылдам таратып, оны бақылауға алуды қиындатады. Жалын шарпыған ағаштар кейіннен қурап, дауыл мен жел кезінде сынғыш келеді. Бұл орманның экожүйесіне ұзақ жылдарға дейін залал келтіреді.
«Дала өрті – кездейсоқтық емес, алдын алуға болатын апат» деген сөз тегін айтылмаса керек. Осы мақсатта қорық аумағында бірнеше бағытта жүйелі жұмыстар атқарылып келеді: қорық маңындағы елді мекендер мен ауылдық округ тұрғындарына үгіт-насихат жүргізіледі. Арнайы дәрістер оқылып, парақшалар таратылып, бейнебаяндар көрсетіледі. Орман ішінде орналасқан аншлагтар мен ескерту белгілері жаңартылып, көрнекі ақпараттар орнатылады.
Қорық – тек әсем көрініс емес, биологиялық тепе-теңдік пен табиғи байлықтың қайнар көзі. Оны қорғау – келешек ұрпақ алдындағы аманат. Әрбіріміз табиғатқа жанашыр болсақ, еліміздің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында үлкен үлес қосамыз. Орман мен далаға барған әрбір адам өрт қауіпсіздігі ережелерін білуі және қатаң сақтауы тиіс. «Қауіпсіздік – бәрінен биік!» екенін ұмытпайық!
Қ.Нұрмағамбет,
Табиғи кешендер мен объектілерді
қорғау бөлімінің бастығы

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!